Үшжақты келісім жасалды

Кеше «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында  Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің, облыстық кәсіпкерлер палатасының және «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы басшыларының қатысуымен өңірде кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасау және кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөнінде үшжақты меморандумға қол қойылды.

Бұл жолы жасалып отырған үшжақты меморандумның басты мақсаты кәсіпкерлердің арасында салық және кеден заңнамалары бойынша туындаған мәселелерге байыпты жауап беру, сонымен қатар, заңнама бұзу деректерінің санын неғұрлым азайту  болып табылады. Осы ретте, нұротандықтар көшбасшы партия ретінде өзінің фракциялары арқылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде бизнестің дамуы бағытында кездесетін әкімшілік кедергілерді түбегейлі жою бойынша өздерінің ұсыныстарын енгізуге жәрдемдесу  ниетін ұстанды.
– «Нұр Отан» партиясы 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет партияның жаңа бағдарламасына орай, бизнестің дамуына кері әсер ететін кейбір әкімшілік кедергілерді азайту бағытында жүйелі түрде жұмыс істейтін боламыз. Осы орайда, партияның басты мақсаты елімізде кәсіпкерлікті, оның ішінде шағын және орта бизнестің дамуына ықпал жасап, халықтың әл-ауқатын жақсарту болып табылады. Аталған құжат нақты және уақытында кәсіпкерлердің өтініштерін қарау, заңсыз тексерістер санын азайту, кәсіпкерлердің жұмысына жөнсіз араласу сияқты бірқатар келеңсіздіктерге тосқауыл қоюды көздеп отыр, – деді кездесуде «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов.
Сонымен қатар, кездесу барысында сөз алған Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ерлан Хасенов бұл маңызды құжаттың өңірде кәсіпкерліктің дамуына оң серпін беретініне сенім білдірді. Оның айтуынша, салықтық және құқықтық заңнамалар бойынша мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасында өтетін профилактикалық және бақылаушы органдарға заңбұзушылық жөнінде хабарлама жіберу тәрізді шаралар консультациялық кеңес арқылы жүзеге асырылады. Оған «Нұр Отан» партиясының, Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің, өңірлік кәсіпкерлер палатасының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатыстырылатын болады. Ал, бұл өз кезегінде өңірде кәсіпкерліктің дамуына жол ашып, салық және кеден заңнамаларының дұрыс сақталуына септігін тигізетіні  сөзсіз.
Суреттерді түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар