Жәнібек – күміс жүлдегер

Целиноград аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Жәнібек Сұлтан Ресейдің Қазан қаласында 1997-1999 жылдары туған жасөспірімдер арасында белбеу күресінен өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

Бұл жарысқа 17 мемлекеттен балуандар қатысты. Республика құрама командасының сапында біздің облыстан Жәнібек пен Ләззат Шәмшидденова сынға түсті.
Жаттықтырушы Нұрлан Мәуленұлынан тәлім-тәрбие алып жүрген Жәнібек Сұлтан 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде боз кілемге көтерілді. Ол іріктеу белдесулерінде Украин, Өзбекстан, Түркіменстан балуандары Дмитрий Занозов, Аброрбек Екубов және Куванч Курраловты тізе бүктірді. Ал, ақтық сында оның қарсыласы ресейлік Владимир Колесник болды. Тартысты өткен жекпе-жекте жарыс қожайыны сәл басымдылықпен жеңіске қол жеткізді. Сөйтіп, жерлесімізге күміс медаль бұйырды. Ләззат қызымыз болса 52 келіге дейінгі салмақта екі белдесу өткізіп, балуан сегіз қыздың ішінде 5-ші орынға табан тіреді.
– Жәнібек Сұлтанның болашағынан зор үміт күтемін. Ол екі рет Азия чемпионатына қатысып, тәуір нәтиже көрсетті. Осы жолы күміс медаль, диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталды, – дейді оның жаттықтырушысы Нұрлан Мәуленұлы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар