Жанкүйерлермен жүздесті

Жақында Көкшетау қаласының спорт жанкүйерлері «Арлан» хоккей клубының  ойыншыларымен кездесіп, сүйікті командасына алдағы уақытта да жеңісті сәттердің көп болуын тіледі.

Қазақстан Республикасының біріншілігінде сынға түсіп жүрген «Арлан» хоккей клубының өзіндік тарихы бар. Арландықтар 2012-2013 жылдары Қазақстан Астық одағы кубогының жеңімпазы. Жерлестеріміз маусым қорытындысы бойынша плей-оффта жақсы ойын өрнегін көрсетіп, қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы кубогының иегері атанды. Өткен маусымда да бұл команда күміс медаль еншіледі.
Осы кездесуде хоккей клубының жоғарыдағы жетістіктері сөз болды. Шайбалы хоккейден Ақмола облыстық федерациясының директоры Рамазан Айғабеков, хоккей клубының директоры Игорь Горьков және команданың бас жаттықтырушысы Веса Суренкин мен Андрей Псарев  құттықтау сөз сөйледі.
Бұл жиында жанкүйерлер де өздерінің сүйікті ойыншыларына әртүрлі мазмұндағы сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды. Команда бапкерлері де алдағы жоспарларымен бөлісіп, жиналған қауымды чемпионаттың бір жүлдесін олжалауға сендірді.  Кездесу барысында команда сапына қосылған қорғаушы Дастин Вуд таныстырылды.                                                             Ол Канада мемлекетінің азаматы. Соңғы жылдары Теміртаудың «Арыстан» командасының сапында  сынға түскен болатын.
Шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасының чемпионатында сынға түсіп жатқан ерлер құрама командалары екінші кезеңнің ойындарын бастады. «Бурабай» спорт  сарайында Көкшетаудың «Арланы» бұл жолы Қарағанды қаласының «Бүркіт» клубымен екі кездесу өткізді. Бірінші матчта алаң иелерінің сапынан Маркелов төрт мәрте көзге түсті. Оның қақпаға шайба енгізуіне «Арлан» командасының сапындағы Безайс, Елаков, Ишмаметьев, Шороховтардың көп септігі тиді. Көкшеліктер екінші кездесуде де 4:1 есебімен басым түсті.
Республика біріншілігінде сынға түсіп жүрген командалардың алды 38, соңғылары 36 кездесуден өткізді. Қазіргі кезде топ басында 78 ұпай жинаған «Арлан» клубы тұр.  Турнир кестесінің екінші, үшінші сатыларында Рудныйдың «Горняк» және Павлодардың «Ертіс» командалары  келеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар