Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні

Құрметті байланыс және ақпарат қызметкерлері!

Кәсіби мерекелеріңізге орай, жолданған шынайы құттықтауымды және ізгі ниетімді қабыл алыңыздар!
Жаңа әлемді ақпаратсыз көз алдыңа елестету қиын. Сондықтан, біз телевидение мен радио, баспа, полиграфия және коммуникация саласының қызметкерлеріне құрмет білдіреміз. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, азаматтық позицияларыңызға байланысты қоғам бүгінгі болып жатқан оқиғаларды безбендеп, болашаққа бағдар түзейді. Сіздер мемлекеттің аса маңызды тарихи жаңаруларына тікелей қатыса жүріп, экономикалық және әлеуметтік жаңғыруларына үлкен үлес қосып келе жатырсыздар.
Ақмола облысының журналистика саласы отандық баспасөздің озық үлгілерін барынша байыта отырып, өздерінің қолтаңбаларын қалыптастырғандығы қуантады. Облыстың баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдары біздің жерлестерімізге етене жақын. Өйткені, олар халықтың сөзін сөйлеп, мұң-мұқтаждарын жеріне жеткізе айта біледі. Негізінде сіздер еліміз бен облысымыздың тыныс-тіршілігіне терең барлай қарап, қажымай қалам тербетіп, денсаулық сақтау, білім, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй құрылысы салаларын жазу арқылы жаңа дәуірдің жылнамасын жазып жатырсыздар.  Көп жағдайда бұқаралық ақпарат құралдарының  жұмысына қарап, біз шешімін күткен мәселелерді анықтаймыз, бірлесе отырып шешеміз.
Біздің облыста 97 әртүрлі  бұқаралық ақпарат құралдары тіркеліп, жұмыс істеуде. Оның 78-і баспа, 19-ы электронды  ақпарат құралдары. Сондай-ақ, 19 республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының меншікті тілшілері қызмет етуде. Бас-пахана жұмысы да даму үстінде.
Барлық байланыс және ақпарат қызметкерлеріне өз мамандықтарына шексіз берілгендіктеріне, кәсіби шеберліктеріне алғыс айтамын. Баршаңызға шын жүректен шығармашылық ізденіс, жаңа тосын ойлар мен жобаларды жүзеге асыруды тілеймін.
Сіздер мен жақын жұрағаттарыңыз табысты және бақытты болғай!
 Мәлік МЫРЗАЛИН, Ақмола облысының әкімі.   

 

Қадірлі байланыс және ақпарат қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мерекені бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері ғана емес, барлық оқырмандар мен көрермендер де атап өтеді. Көпұлтты еліміздегі халықтың бірлігін нығайту, адамдардың санасын қалыптастыруға елеулі үлес қосатын бұқаралық ақпарат құралдарының бүгінгі қоғамда рөлі зор.
Ақмолалық бұқаралық ақпарат құралдары облыстың күнделікті өмірінен шынайы, жедел ақпарат тарату арқылы адам мен мемлекеттің, билік пен азаматтық қоғамның арасындағы байланысты нығайту ісіне  үлкен үлес қосып келеді.  Халықтың мұң-мұқтажын айтып, облыстың дамуына қатысты мәселелерге зер салып жүрген сіздердің ауыр да қиын еңбектеріңізге шынайы алғысымды білдіремін.  
Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық  табыс, тың идеяларыңызды жүзеге асыруларыңызды тілеймін!
Дулат НҰРМОЛДИН, Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар