Чеxия ұшатын велосипедті алып келді

«ЭКСПО-2017» көрмесіндегі Чеxия павильонында ұшатын велосипедті көруге болады. Жоба авторларының айтуынша, аталған бастамаға жазушы Жюль Вернның қиялындағы велосипед түрткі болды.

  Flying Bike-ты құрастыруға бір жыл кетті. Оның ұзындығы –  3,8 метр, ені – 2,5 метр, ал биіктігі – 1,2 метр. Алты пропеллердің арқасында велосипедті көкке көтеруге мүмкіндік бар. Аппараттың жалпы салмағы – 95 келі. Ол 170 келі болатын жүкті көтеруге қауқарлы. Демек, өз салмағын алып тастаса, 80 келіге дейін салмақты адамды көкке ұшыруға болады.
Велосипедте алты қозғалтқыш бар. Төртеуінің қуаттылығы 10 киловатт болса, тағы екеуі 7 киловатт қуатқа ие. «Велосипедті тоқпен зарядтауға болады. Сондай-ақ, педальды айналдырып, аккумуляторға энергия жинауға мүмкіндік бар», – дейді чеx павильонында жұмыс істейтін гид.
Айта кеткен жөн, аккумулятордың сыйымдылығы – 50 ампер/сағат. Велосипед сағатына 50 шақырыммен ұша алады. Алайда, велосипедтің қазіргі нұсқасы тек 3-5 минут қана ұшуға жарайды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар