Астана күніне орай тегін билеттер де беріледі

 «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы қала күніне арналған мерекелік акцияны жариялады.

  «Астана күніне орай 1-10 шілде күндері тегін билеттер беріледі. Астана тұрғындары мен қонақтары көрмеге үш билет сатып алатын болса, төртінші билет тегін беріледі. Сондай-ақ, демалыс күндері 17 жасқа толмағандар көрмеге тегін кіре алады. Ал, 12 жасқа толмаған балаларды тек ата-аналармен ғана кіргізеді. Оған қоса, жеке құжаттарды көрсету керек», – делінген компанияның ресми xабарламасында. Айта кетейік, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы арзан билеттерді сатылымға шығарды. Аталған билеттермен кешкі сағат 18:30-дан бастап кіруге болады. Ал, арнайы абонементті сатып алса, ЭКСПО аяқталғанша көрме аймағына кіріп-шығуға мүмкіндік бар.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар