Келелі істерге бастайды

 

Аудан орталығында бұдан екі жыл бұрын құрылған «Таза қала» қоғамдық бірлестігі қаланың санитарлық тазалығы, абаттандырылуы және көгалдандырылуы бойынша бірқатар жұмыс атқарып үлгерді.

 

Бұл қоғамдық бірлестікті қалалық қоғамдық кеңес басқарады. Кеңеске он сегіз сайлау комиссиясының төрағасы басқаратын аумақтық қоғамдық кеңестер қарайды. Қалалық қоғамдық кеңес төрайымы Светлана Белинскаяның айтуынша, әр аумақтық қоғамдық кеңестегі адам саны 2-3 мыңды құрайды. Қалалық қоғамдық кеңестің мақсаты – қаланы абаттандыру, санитарлық тазалау, қоғамдық тәртіп орнату және бұл жұмысқа бақылау жасау.
– Бұл іске үйлерді сырлау, көшелердегі қоқысты жинап, қоршау орнату кіреді. Тұрғындарға өзіміз үлгі көрсетудің нәтижесінде  60 көпқабатты тұрғын үй әктелді. Демеушілер есебінен 35 шақырым қоршау тұрғызылды. 3 мың ағаш көшеті мен жүз жиырма шырша отырғызылды. 5 мың шаршы метр гүлзарлар жасалды. Балалардың үш жаңа ойын алаңы орнатылып, он үші жаңартылды. Әр аумақтық кеңеске қажетті құрал-сайман сатып алынды.  Бұл үрдіс биыл да жалғасын тапты. Аумақтағы адамдар екіге бөлініп, аптасына екі рет сенбілік өткізді. Қала тұрғындарының белсенділігінің арқасында қала жасарып қалды, – дейді қалалық қоғамдық кеңес төрайымы.
Сондай-ақ, «Таза қала» қоғамдық бірлестігі коммуналдық қызметақы жинауға көмектесіп, қарыздың өспеуін бақылайды. Кеңес мүшелері тізім бойынша әр үйді аралап, үгіт-насихат жұмысымен айналысады. Осының арқасында коммуналдық қызметақы қарызы азайып келеді. Кеңес тәрбиесі қиын балаларды да бақылауға алған. Жергілікті полицейлермен бірге кезекшілікке шығады. «Түнгі қаладағы балалар» бағдарламасы бойынша балалар көп жиналатын тұрғын үй подъездері, стадиондар мен балалар алаңы назардан тыс қалмайды. Әр сейсенбі сайын кеңес өткізіліп, апта бойы белгілі жұмыс атқарған қызмет мекемелерінің және аумақтық қоғамдық кеңес төрағаларының есебі мен атқаратын жұмыстары тыңдалады. Баға саясаты бойынша аумақтық кеңес мүшелері жергілікті дүкендердегі азық-түлік тағамдарының бағасына мониторинг жүргізеді. Жалпы қалада туындаған мәселелердің барлығын қалалық қоғамдық кеңес реттеп отырады.
Рамазан БАЯҚҰЛЫ.
Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар