Кедендік құжат толтыру аумағы ашылмақ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында кеден мен салық салаларындағы жаңалық, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, қаржы пирамидаларымен күрес және өзге де өзекті мәселелер талқыланды.

Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің кедендік бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қайрат Исімбаев өз сөзінде «Астана-1» ақпараттық жүйесін пилоттық пайдалану және Көкшетау қаласында кедендік құжат толтыру аумағын құру жөнінде айтып берді. Аталмыш ақпараттық жүйе қолданыстағы бес жүйені біріктіріп, өкілетті органдармен бірлесе жұмыс істейді. Бұл тауарлар декларациясын қағазсыз электрондық түрде ұсынуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, электрондық декларациялау көшу кедендік бағаны бақылауды және тауарларды топтастыруды жүзеге асырады. Бұл өз кезегінде сыртқа тауарлар шығару мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Ақпараттық жүйе биылғы жылдың 1 шілдесінде толық енгізіледі. Сондай-ақ, кедендік-салықтық әкімшілдендіру жүйесі автоматтандырылған кедендік құжат толтыру аумағының құрылысын жүргізу жоспарланған. Бұл жүйе дүниежүзілік сауда ұйымының нормалары мен халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Осы жүйе  салық төлеушілердің мәлімет базасын тексеруге, тәуекелдікті басқаруға, кірістерге мониторинг жасауға, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықпен күресуге мүмкіндік береді.
Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің алдын алу жұмыстары мен бақылау басқармасының бас маманы Антонина Демянның айтуынша, соңғы кезде Қазақстанның жекеменшік инвестициясының нарығында қаржы пирамидасына ұқсас ұйымдардың жұмысы етек жайып келеді. Қаржы пирамидасы – бұл инвестициялық алаяқтықтың сұлбасы. Олардың кірісі жаңа инвесторларды тартудан түсетін қаржы есебінен құрылады. Әлеуетті инвесторларды үлкен кіріс аласың деп үміттендіріп, ақша салуға көндіреді. Қаржы пирамидалары түбінде банкротқа ұшырайды. Қазақстан Республикасы аумағындағы тұрғындардан тек қана екінші деңгейдегі банктер және өкілетті мемлекеттік органдар берген рұқсат құжаты негізінде поштаның операторы ақша тарта алатынын атап өткен жөн. Сөйтіп, жеке тұлғалардан депозиттер қабылдау операциясын жүргізу банктегілерге және рұқсат етілгендерге қатысты болып отыр. Рұқсат беру жөніндегі Қазақстан Республикасы Заңнамасын бұзғандар жауапкершілікке тартылады. ҚР Азаматтық кодексі талаптарына сәйкес, өзге тұлғаларға кәсіпкерлік қызмет ретінде азаматтардан қарыз түрінде ақша алуға болмайды. Мұндай келісім-шарттар толтырылған кезден бастап жарамсыз болып танылады. Жеке тұлғалардан депозиттер тартуға өкілетті мемлекеттік органдардан алған рұқсаты жоқ ұйымдардың жұмысы алаяқтыққа жатқызылады. Облыс аумағында жарнамамен және инвестициялық пакеттерді сатумен айналысатын күдікті фирмалардың пайда болуы байқалады. Олар әр апта, әр ай сайын кіріске кенелуде. Қаржы пирамидасын құрғандарға ҚР Қылмыстық кодексінің 217 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Заң бұзғандардың мүлкі тәркіленеді.12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті бөлімінің басшысы Әлди Кенжебаева айтып берді. Қазақстанда биылғы жылдың шілдесінен бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жұмыс істей бастайды. Бұл жүйе жинақтаушы болып табылмайды. Қаржыны әркімге таратуды қарастырмайды. Жұмыс берушілер, еңбеккерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар медициналық сақтандыру қорына ай сайын жарна аударады. Негізгі төлеушілер әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға да қаржы енгізеді. Тұрғындар 2018 жылдың қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы медициналық көмек ала бастайды. Бұл жүйеде сақтандырылған мәртебені анықтау үшін  жеке сәйкестендіру нөмірін көрсету жеткілікті. Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Назгүл Әйіпова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеу кезінде салық есебінің өзгерістері мен түрлері жөнінде айтып өтті. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөніндегі» ҚР Заңына сәйкес, үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап, МӘМС қорына төлемдер мен жарналар аудару, салық есебінің тиісті түрінің міндеттемесі туындайды. ҚР Қаржы министрлігінің бұйрығымен «Салық есебінің түрі мен оны толтыру ережесін бекіту жөніндегі» бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Осыған сәйкес, 2017 жылы салық есебінің жаңа түрі мен оны толтырудың ережесі бекітілді. Заңмен жеке кәсіпкерлерге төленетін жарнадан босатылатын тұлғалар тізімі бекітілді. Олар үшін жарнаны мемлекет төлейтін болады. Баспасөз мәслихаты соңында ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті «Чекті талап етіп, жүлде ұтып ал» акциясын бастағандығы туралы айтылды. Акцияның мақсаты – азаматтардың тауар, жұмыс пен қызмет тұтынушысы ретінде өз мүдделерін қорғау жөнінде құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Бұл іс-шара биылғы жылдың 30 қарашасына дейін өткізіледі. Осы кезеңнің әр айында Астана мен Алматы қалаларында және барлық облыстарда жүлделердің ұтысы өткізіледі. Жылдың аяғында Мемлекеттік кірістер комитетінде  өтетін бас мәреде бағалы жүлделер, оның ішінде автокөлік ұтысқа салынады. Ұтыс жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталатын болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар