Азаттың алтын жүлдесі

 

Әзірбайжанның астанасы Баку қаласында бокстан халықаралық IV Ислам ойындары өтті. Төрт жылда бір рет өтетін осы жарысқа әлемнің 57 мемлекетінен ең мықты деген боксшылар қатысып, күш сынасты.

Аталмыш халықаралық жарысқа қатысқан атбасарлық боксшы Азат Махметов 52 келі салмақта жұдырықтасып, өткізген  төрт кездесуде де қарсыластарының сағын сындырды. Бірінші жекпе-жегінде ол түркімендік боксшымен айқасқа түсіп, айқын  басымдықпен ұтты. Одан кейін Пәкістан, Алжир, Марокко елдерінен келген боксшыларды тізе бүктірді. Сөйтіп, атбасарлық былғары қолғап шебері халықаралық жарыстың жүлдегері атанды.
 Азат Махметовтың ринг төрінде өнер көрсетіп жүргеніне биыл жиырма жыл толады екен. Осы уақыт ішінде ол халықаралық талай сайыстарға қатысып, жақсы жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Польша, Финляндия, Тайланд, Ресей, тағы да басқа елдерде өткен жарыстарда жүлдегер атанды. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазір Азат Қазақстан құрама командасында бокстан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Марат Манашевтың тәлімімен шеберлігін шыңдауда. Бүгінгі күні ол Елордада  5-10 маусым аралығында ҚР Президенті кубогы үшін өтетін халықаралық бокс біріншілігіне дайындалуда.
«Азат 6 жасынан бастап бокспен шұғылданып келеді. Ол өте еңбекқор. Міне, сол төккен терінің нәтижесі көрінді. Біз жиырма жыл күткен алтын медальды қанжығаға байлады. Сол үшін де өте қуаныштымын», – дейді оның алғашқы бапкері Абай Жақсылықов.

Темірбек ҚАСЫМЖАНОВ.
Атбасар қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар