Ар-ождан тазалығы керек

Қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру  – басты мәселелердің бірі. Осыған орай, Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Берген Беспалинов білім  қызметкерлерімен  кездесті.

  Ол өз сөзінде департамент тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында кең көлемді жұмыс жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Мәселен, қоғамда болып жатқан түйткілді мәселелердің шешімін табуға ұмтылып, қандай да бір жемқорлық  фактілері байқалса, онымен күрес  жүргізетін  мобильді топ  құрылған. Берген Маратұлының айтуынша, сыбайлас жемқорлықтың  залалдары туралы  тәрбиені ерте кезден бастау керек. Мұндай іс те бар. Осы орайда, облыстың әр өңірінде «Адал ұрпақ» еріктілер  клубы белсенді жұмыс істейтіндігін айта кеткен абзал. Ұстаздарға сыйлық сыйлаудың өзі  жемқорлықтың бір түрі  екені айтылды. Бұдан соң, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов мұғалімдерді жұмысқа аларда қойылатын талаптар туралы баса айтып, олардың қандай  іріктеуден өтетіндіктерін тарқатып берді.  
М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын мектеп-гимназиясының директоры Айнагүл  Балташева  мектепте  сыбайлас жемқорлыққа қарсылық көрсету   бойынша түрлі іс-шаралар  өтетінін   және оқушылар  «Адал ұрпақ» еріктілер клубына жазылып, бірқатар жұмыстарды атқарып жатқандығын жеткізді. Аталмыш білім ордасында қазір  106 педагог жұмыс істейді.  Мектепте жас мұғалімдер де жоқ  емес. Мұғалімдердің  барлығы Қазақстан Республикасының білім туралы заңындағы талаптарға сай қабылданған. Сондықтан да, Айнагүл Қыдырбайқызы мамандарды мектепке жұмысқа алу әділ түрде өтетіндігін  жан-жақты мәлімдеді.
Шара соңында ақпараттық кітапшалар  таратылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар