Донор адамға өмір сыйлайды

Жуырда облыстық соттың судьялары мен сот аппаратының қызметкерлері  Қан орталығында қан тапсырып,  қайырымдылық үлгісін танытты.

  Кездейсоқ апатқа тап болмайтынына ешкім де сенімді емес. Айтып келмейтін апат адамдардың өміріне қатер төндіріп жатады. Сондайда, донор қаны адам өмірін құтқаратын бірден-бір негіз болып саналады. Өкінішке орай, донор қанына деген тапшылық барлық жерде бар. Осы орайда, ерікті түрде қан тапсыру маңызды қайырымды іс екендігі анық.
Бұл күні облыс соттары жүйесінен 17 адам қан тапсырды. Олардың 8-і тұрақты донорлар болса, қалғандары алғаш рет қан тапсырушылар. Облыстық қан орталығы  басшылары ерікті түрде қан тапсырған сот жүйесі қызметкерлеріне зор алғыстарын білдірді.

Облыстық соттың баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар