Ескерткіштер – елдіктің арқауы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында  маңызды екі үдеріске,  яғни, саяси реформа мен экономикалық модернизациялауға жаңаша жол ашқандығын айтқан болатын.

Тірегі мықты мемлекеттің түтіні түзу шығатыны анық. Сонымен бірге, қазақ халқының басты қасиетінің бірі – бауырмалдық, татулықтың әр жүрекке жол тапқаны да жақсылық нышаны.

 Ертеңгі болашағымыздың жарқын боларына біз қазақ халқының өкілдері анық сенімдеміз. Себебі, тәуелсіздігімізді алған аз уақыт ішінде көптеген жетістіктерге жеткендігімізді білеміз. Ол жетістіктер халқымыздың бірауыздылығы мен табандылығынан туған үлкен жеңіс. Алдымызда жол көрсетіп тұрған Елбасымен бірге біз өз тұғырымыздан да шыға алуға мүмкіншілігіміз бар деп толық айта аламын.
Әр халықтың мәдениеті, дәрежесі биік болуы үшін өзінің қанымен дарыған ана тілін көзінің қарашығындай  сақтап, жүрегі ана тілім деп соғып тұрса, туған жерім, Отаным деген патриоттық сезім жоғары болса, сонда ғана ел бірлігі нығыз болмақ деп ойлаймын. Қандай халық болмасын оның тарихы, өткені, атадан балаға мирас болған мәдени мұрасы бар. Қазақ жері ұлан-байтақ. Әр өлкенің өзінің ерекше тарихы, сыры, өткені бар. Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері мен монументалды өнер туындылары, тас бейнелер, жартастағы суреттер, археология ескерткіштерінің барлығы тарихи, ғылыми, архитектуралық, көркем және мемориалдық айрықша мағына білдіреді. Мәселен, Түркістанның бүкіл қазақ халқының байтақ астанасы болғандығын дәлелдеу үшін Шығай, Есім, Жәңгір, Тәуке, Абылай, Қазыбек, Әйтеке секілді қазақ халқының біртуарлары мен Қанжығалы Бөгенбай, Тобықты, Мамай, Қоңырат Сырғақ, Нияз, Дулат сияқты батырлардың А.Яссауи сағанасында жерленіп, Қарауыл-Қанай билер құлпытастарының орналасқанын айтудың өзі жеткілікті емес пе?! Біздің Зеренді ауданының өз қойнауында  атақты Бөгенбай би кесенесі, Дүйсен бидің атақты Алабасына қойылған тас мүсін, Уәлиханның мазар-кесенесі бар. Осылардың барлығы мәдени мұралар қатарына жататын, болашақ жастарымыздың еншісіне әлі де болса көп ізденіп, ашар жаңалықтары көп деп есептеймін. Зеренді ауданында соңғы үш  жылдың ішінде екі бірдей ескерткіш қойылды. Кеңес Одағының Батыры, педагог-ғалым, Зеренді топырағының тумасы Мәлік Ғабдуллин ескерткіші мен иісі қазаққа мәлім Балқадиша апамызға қойылған ескерткіш. Міне, осылардың барлығы ел мен жерге деген махаббаттан, патриоттық сезімнен туған игі істер деп білемін. Бұл мәдени мұралар ертеңгі болашақ жастарға  ата-бабалар өткенінен сыр шертетін тарихи тәлім-тәрбие беретін қасиетті үлкен жұмыс.

Күләш РАҚЫМЖАНОВА,  
«Достық» орталығының  жауапты хатшысы.

Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар