ЮНЕСКО деңгейінде тойланады

2015 жылғы 10 қаңтарда «Көшпенділер» трилогиясы арқылы әлемге танымал  болған аса көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің туғанына 100 жыл толғаны белгілі.

Жерлесіміздің бұл мерейтойы қазақстандық бір топ депутаттардың ұсынысымен ЮНЕСКО деңгейінде атап өтілетіндігі туралы қуанышты хабар бәріміздің де мерейімізді өсіріп отыр. Бұл құптарлық шешім кеңес жазушыларының ішінде алғашқылардың бірі болып тарихи романдарға қалам тартқан жазушының таланты мен еңбегіне берілген лайықты баға екендігі даусыз.
Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Амангелді Қашқынбаевтың айтуынша, қазір қаламгердің туған-туыстары, жастық шағы жөнінде тың деректер табылып отыр. Мұндай зерттеулер енді қалыптаса бастаған Ілиястану ғылымына жаңа беттер қосатындығы анық. Ал, алдағы негізгі міндет басы Үкімет болып, Ілияс Есенберлиннің 100 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде, өз атына сай лайықты өткізу болса керек.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.       

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар