15 жылдыққа – 15 қайырымды іс

Ағымдағы жылы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының үздіксіз жемісті қызмет атқарып келе жатқанына 15 жыл толады. Әрбір тақырыптық ауысым барысында дем алуға келген балалардың күш-жігерімен орталықтың мерейтойына арналған акция ұйымдастырылуда.

 

Тоғызыншы ауысым аясында, яғни, 8-22 шілде аралығында «Мен – өз елімнің азаматымын!» атты тақырыпта жас көшбасшылардың республикалық съезі  өтті. Ауысымға қатысушылар топ басшыларымен бірлесіп түрлі іс-шаралар жоспарлады.
Олар орталықтың әрбір кешеніне өз қолдарымен жасап, безендірген әсем гүл шоқтарын салтанатты түрде табыс етті. Тәрбиешілердің ризашылық білдірген жылы лебіздері балалардың көңілдерін көтеріп, жандарын жадырата түсті.
Одан әрі топтармен бірлесе отырып, олар абаттандыру бөлімінің қызметкерлеріне қол ұшын беріп, сенбілік ұйымдастырды. Су қоймасының жағалауын тазалап, құстарға ұя жасады. Тазалығында мін жоқ орталық аумағы балалардың шат күлкісіне толды. Кіші топтағылар «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» тақырыбында суреттер салды. Орталықта өткізген думанды күндері үшін алғыстарын түрлі-түсті бояулармен жеткізді. Ересек топтағылар жылыжайлардан жаңа піскен көкөністерді жинауға көмектесті.  
Акцияның қорытындысы ретінде барша балдәурендіктер бірлесіп флешмоб өткізді. Әсем әуеннің ырғағында ұйымдастырушы ұстаздармен бірге әдемі би биледі. Қайырымдылық шараның науқандық іс емес екенін олар жақсы түсінеді. Балдәурендіктер мұндай қайырымды іс-шара эстафетасын жақында келетін жаңа ауысым қатысушыларына тапсыруды жоспарлауда.

Ләззат ЕГЕМБЕРДИЕВА,
«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының баспасөз хатшысы.

Щучинск қаласы,
Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар