Орта Азияда теңдесі жоқ жоба

Таяуда облыста Орта Азиядағы ең ірі күн электр станциясының құрылысы басталды.

 

«КВ Enterprises» компаниясы қуаты 100 МВт-қа жететін Орта Азиядағы ең ірі күн электр станциясының құрылысын жобалауға әрі салуға маманданған ұжым. Оның үстіне инвесторы. Құрылыстың алдын ала жүргізілуге тиісті дайындық жұмыстары аяқталып, жобаны жүзеге асырудың шешуші кезеңі басталды. Жаңа күн электр станциясы Целиноград ауданына қарасты Қабанбай батыр ауылында салынуда. Бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар  қызметі хабарлайды.
Жобаның құны – 165 миллион евро. Күні  бүгінге дейін бірқатар ауқымды жұмыстар жүзеге асырылды. Көлемі 300 гектар жерді құрайтын учаскеде дайындық жұмыстары қауырт жүргізілуде. Инженерлік-мердігерлік ұйым ретінде халықаралық SUMEC CLEAN ENERGY INTERNATIONAL CO.LTD  холдингі қатысуда. Құрылыс жұмыстары энергетика саласындағы аса ірі жетекші ұйым болып табылатын еуропалық АВВ концернімен тығыз байланыста жүргізіледі. Концерн өз сарапшыларын қатыстыра отырып, жұмыстың барлық кезеңін қадағалайды. Осылайша жоба Қазақстан Республикасында ғана емес, бүкіл Орта Азиядағы өте жаңа әрі жоғары технологиялық энергетика кешеніне айналмақ.
Бұл жоба аймақтың энергетика жүйесін жақсартумен қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді. Сондай-ақ, ұзақ мерзімді, болашағы зор құрылыс жұмысының нәтижесі облысымыздың ғана емес, тұтас еліміздің қаржы экономикалық ахуалына тиімді әсер етпек. Аталмыш жоба инвестициялық жасыл технология келешегінің жарқын мысалы. Жобаны сәтті жүзеге асыру барлық әлемдік қауымдастыққа Қазақстанның осы тақылеттес жоғары технологиялық, қоғамға барынша қажетті, экологиялық жағынан мінсіз жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін паш етпек.
«КВ Enterprises» компаниясы жоба жұмысына тартатын барлық қатысушылар әлемдік деңгейдегі сарапшылар болып табылады. Бұл дегеніңіз құрылыс жобасын сәтті жүзеге асырудың мықты кепілі.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар