Маялар молайып келеді

Өткен жазда шөп жақсы шыққанымен биыл онша емес. Дегенмен, ерінбеген шаруаға бір жылдық қор дайындауға мүмкіндік бар.

  Осыны түсінген аршалылық пішеншілер күннің әрбір ашық сәтін тиімді пайдалануда. Қазірдің өзінде аудандағы ірі ауыл шаруашылығы құрылымдары жоспар бойынша 38,3 мың тонна шөптің 23 мың тоннасын дайындап, маялап алды. Науқанға аудан бойынша барлығы 34 шөп шалғысы, 12 комбайн жұмылдырылған. Олардың ішінде «Николаевское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аудан бойынша көш бастап келеді. Шаруашылық 300 тонна, яғни, бір жылдық шөп қорын жасап, белгіленген 500 тонна межеге ұмтылмақ.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Аршалы ауданы.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *