Жүлдегерлер санатында – 116 оқушы

Жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында өтетін дәстүрлі облыстық пәнаралық олимпиадасының салтанатты жабылу рәсімінде облыстық білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарова құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға алғысын білдірді.

Ақмола облыстық білім басқармасы және оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен пәнаралық олимпиадаға Астана, Көкшетау, Степногорск қалалары мен облыстың 17 ауданынан келген 371 оқушы қатысып, білім додасында өз бақтарын сынады. Аталмыш іс-шараның тиісті деңгейде өтуі үшін Көкшетау қаласындағы жоғары оқу орындарынан 2 ғылым докторы, 19 ғылым кандидаты, 8 магистр, 10 аға оқытушы арнайы шақыртылып, талапкерлердің еңбегіне баға берді.  
Оқушыларды танымдық тұрғыдан дамыту, оқу-білімге тарту, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға үлес қосу, дарындыларды анықтау, азаматтық бірегейлікті қалыптастыру олимпиаданың басты мақсаты болып табылады. Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағытта өткізілген білім сайысында бірінші, екінші орындарды 32 оқушы иеленді, ал, үшінші орынға 84 оқушы қол жеткізді.  Енді үздіктер наурыз айында өтетін республикалық олимпиадаға жолдама алды.
Арман БҰҒЫБАЙ,
Облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар