Ақынның кітабы Америкада басылып шықты

Таяуда ақын, аудармашы, Ә.Бөкейханов атындағы сыйлықтың лауреаты Бақытжан Тобаяқовтың «Қобыз сарындары» атты өлеңдер жинағы АҚШ-тың Нью-Йорк шаһарындағы «Либерти» баспа үйінде ағылшын және орыс тілдерінде басылып шықты (Liberty Publishing House, 2014).

 Кітаптың алғысөзін жазған танымал көсемсөзші әрі ғалым, аталмыш баспаның директоры, американдық баспагер Илья Левков. Көлемі 115 беттік, әсем безендірілген басылым ағылшын тіліне орыс тілінен тәржімаланған. Ақынның осынау лирикалық кітабында Отанға деген сүйіспеншілік өлеңдері, философиялық ой-толғамдары, махаббат жырлары топтастырылған. Басылымның тұсаукесер рәсімін баспагерлер үстіміздегі жылдың сәуір айында Нью-Йорк қаласында өткізуді жоспарлауда. Бір еске сала кететін жәйт, «Либерти»  баспасы 2013 жылы қазақ әдебиетінің классигі Әбдіжәміл Нұрпейісовтың екі томдығын ағылшын тілінде басып шығарған болатын.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар