Жылу орталығының жобасы пысықталды

Облыс әкімі Сергей Кулагин бір топ шетелдік инвесторларды қабылдап, Көкшетауда жаңа жылу орталығын салу жөніндегі жобаның жай-жапсарын талқылады.

Кездесуде Көкшетау қаласында жылу электр орталығын салу мәселесі талқыланды. Жиында сөз алған израильдік «ALL ENERGY LTD» компаниясының қаржы директоры Валери Амиель бүгінгі күні жылу электр орталығын салуға дайындық жұмысы жоспарға сәйкес жүріп жатқанын жеткізді. Ол барлық ақпаратты жинақтаған соң, жобалық-сметалық құжаттама әзірленетінін сөз етті.  Өңір басшысы қажетті  рәсімдеу шаралары толық аяқталғаннан кейін, құрылыс жұмысын жеделдету қажет екенін айтты.
– Берілген уақытты тиімді пайдаланып, бұл істің қыр-сырын зерделеу қажет. Қала үшін жылу электр орталығының  маңыздылығы зор екені белгілі. Сол себепті, бұл мәселеге немқұрайлы қарамай, оның сапасын бақылап отыру шарт, – деді облыс әкімі.
Айта кетерлігі, өткен жылдың қыркүйек айында облыс әкімдігі израильдік «ALL ENERGY LTD»  компаниясымен Көкшетауда қуаты 400-ден 600 МГБ электр энергиясын, сондай-ақ, облыс орталығының қажетіне орай 450 Гкал жылу өндіретін  электр орталығын салу жөнінде екіжақты меморандумға қол қойған болатын. Бекітілген келісімге сәйкес  шетелдік компания жобалық-сметалық құжаттаманы жасап, оның құрылысын жүргізуі және орталықты пайдалануға беруі тиіс.
 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар