Жаңа арна табады

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысында  облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров кеңес төрағасы болып сайланды.

Оқу орнының басшысы Әбдімүтәліп Әбжаппаров кеңес мүшелерін жаңадан тағайындалған кеңес төрағасы Қадырхан Отаровпен таныстырып, кеңес мүшелігіне сондай-ақ, Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаевтың қабылданғанын атап өтті. Өз кезегінде Қадырхан Отаров кеңес мүшелерін өзіне сеніп тапсырылған істі ойдағыдай жалғастырып, сенім үдесінен шығу үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Бұдан әрі білім ордасының басшысы университетте атқарылған жұмыстарды қорытындылап, оқу орнының 2015-2017 жылға арналған даму стратегиясы мен кеңес жоспарын ортаға салып, талқылады. Сонымен қатар, ол:
–Биылғы оқу жылында білім ордасында бірқатар зертханалық кабинеттерді ашып жатырмыз. Осы уақытқа дейін университет қабырғасында тек гуманитарлық бағыттағы мамандықтарға ғана көңіл бөлініпті. Сондықтан, біз бүгін техникалық ғылым саласын дамытуды қолға алып жатырмыз. Алдағы жылдары доктор PһD мамандарын өзіміз даярлап шығару да жоспарда бар, –деді өз сөзінде. 
Білім ордасындағы бұл қамқоршылық кеңес – оқу орнын  алқалық басқарудың бір түрі. Кәсіби мамандарды сапалы даярлау, жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру мен арттыру кеңестің басты мақсаты. Университеттің үздіксіз дамуы мен оның тұрақты қызмет етуіне көмек көрсету, білім беру сапасын арттыру және оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіру, техникалық және материалдық базаны нығайту, инновациялық және ғылыми-зерттеу қызметін қолдау, қаржылық, материалдық және басқа да қажеттіліктерді бірлесе отырып шешу, оқу үдерісін дамыту үшін қосымша ресурстарды тарту – осы кеңестің басты жұмыс бағыты.  Отырыста университеттің даму стратегиясы мақұлданып, қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары бекітілді.
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар