Майдангер алғысына бөленді

«Жастар – Отанға!» партиялық жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы Көкшетау қалалық филиалының «Жас Отан» жастар қанаты мен «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенділері Ұлы Отан соғысының ардагері Пелагея Гвоздиковаға атаулы көмек көрсетті.

Пелагея Степановна Калинин облысында 1922 жылы дүниеге келген. Соғыс басталғанға дейін тоқыма фабрикасында жұмыс істейді. Ол 1942 жылдың көктемінде отбасымен Грузияның Гагра ауданындағы  Пицундра кеңшарына қоныс аударады. Жиырма жасар Пелагея Гагра әскери комиссариаты 151-ші зиниттік артиллерия полкына әскерге шақырылады.
− Соғыс кезінде күнгей Кавказ майданында үш жылдай полкта байланысшы болдым, үш жылым сол полкіде өтті. Бұл өте азапты, сұмдық уақыт еді. Ал, Жеңіс туралы хабарды 1-ші Қиыр Шығыс майданында естідім. Сендер сол қан төгісті көрмеген бақытты жансыңдар, осы бейбіт күнді қастерлей біліңдер. Майдангерлер жасаған ерліктерді мәңгі есте сақтағайсыңдар, − деп ардагер жастарға өз алғысын жеткізді.
Тың игеру жылдарында жұбайымен Қосшоқы бекетінің темір жол құрылысына келген ол кейін Айыртау ауданындағы Володар балалар үйінде еңбек етті. Басқа да шаруаларды атқарып көзге түсті. Ұжым мүшелері арасында құрмет пен беделге ие болды.
«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы және  Көкшетау қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған шара аясында еріктілер ардагердің ауласындағы қарды күреп, оның үйіне су тасып берді. Ауладан жиналған барлық қар арнайы техника көмегімен қала сыртына шығарылды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар