Бюджет пысықталды

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс он бесінші сессиясы өткізіліп,  2017-2019 жылдарға арналған бюджетке толықтырулар енгізілді. 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Мәлғаждаров 3,5 миллиард теңге бюджет қаржысын жоспарлаудың жайы туралы таратып айтып берді. 769,3 миллион теңге қаржыны облыстағы жылу кәсіпорындары мен әлеуметтік саланың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін жұмсау көзделген. Ауыз сумен қамтамасыз ету де күрделі мәселе. Сондықтан, 393,5 миллион теңге қаржы осы ауыз сумен қамтамасыз етуге, тазалау құрылғыларын жетілдіруге бағытталып отыр. Мемлекеттік және әлеуметтік маңызы бар шараларды өткізуге және әлеуметтік саладағы нысандарды қаржыландыруға 742,4 миллион теңге бөлінетін болды. Ал, тұрғын үй құрылысын дамытуға, инженерлік және көлік инфрақұрылымдарын жаңғыртуға 87,8 миллион теңге бағытталатын болды.
Бұдан өзге салалар да назардан тыс қалған жоқ. Мәселен, бруцеллез ауруына шалдыққан малдың құнын төлеу үшін 57,7 миллион теңге бағытталатын болды. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамытудың бірыңғай бағдарламаларының жобаларын қаржылай қамтамасыз етуге 107 миллион теңге қарастырылып отыр. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және жергілікті полиция қызметінің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту үшін 95,7 миллион теңге бөлінді.
Сессия жұмысында облыста көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту, қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тәрізді бірнеше мәселелер қаралды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.   

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар