Орның төрде!..

Қашан көрсем тұратын жаны елжіреп,
Жағдайыңды айта бер кәне енді – деп.
Адамдар аз Махмұт мұғалімдей,
Көрінгенмен сыртынан бәрі оңды боп.

Нарлығы бар көтерер жүгін мол ап,
Өйткені, оның атасы Балуан Шолақ.
Қойайдардың ұрпағын Көкшетауға,
Бастап келген бабадан қалған сорап.

Ғажайыптар қарасаң ғалам тұнған,
Қайдан келді Абылай анау тұрған?!.
Балуан Шолақ Сәмбеттен
                                    шықпас еді-ау,
Тумаса егер апамыз Қалампырдан.

Жамбыл тауы, Хан тауы атамекен,
Шуда да өсіп Сәмбеттер жатады екен,
Баймырзаның қайыны Қанайлардан,
Құдалар кеп сыбаға татады екен.

Біреу сөзден адасар, біреу жолдан,
Ал, Мұхаң құда боп кеп, күйеу болған.
Сіңісіп Көкшетауға ұрпақ жайды,
Атығай – Қарауылға иен қонған.

Қалампыр Баймырзаға құтты жар ед,
Күйеуді құрмет тұту ұлттық әдет.
Кейде ойлаймын Мұхаңды
                                        ұстап қалған,
Сіңлісі Қалампырдың мықты ма деп.

Мұғалім орның төрде, босаға емес,
Интернат қара шаңырақ,
                                       шошала емес.
Жетпісте бізді бастап шауып жүрген,
Махмұт Мұқатаев осал емес.

Жүрек тұр тойыңызда тулап анық,
Елестеп көзімізге ту балалық.
Сіз сонау отыз жаста, біз оқушы,
Қасыңа тұрғандайсың жинап алып.

Құдайберлі МЫРЗАБЕК,
Көкшетау мектеп-интернатының түлегі.

 

 Жырлайықшы Ұстазды!

 Ұрпағына кілтін ашып ғылымның,
Сусындатқан нәріменен білімнің.
Ұстаз деген біле білсең биіктік,
Ұстаз деген ұлағаты мол ұғым.

Ұстаз дәйім ақыл-ойдың сарасы,
Бар баланың қамқоршысы, панасы.
Барша ізгілік бастау алған олардан,
Ұстазды елдің ар-ұяты санашы.

Еленбей де жүрер кейде жұмысы,
Білім оның таусылмайтын ырысы.
Барлық адам тәлім алған олардан,
Өмірдегі осы Ұстаздың ұлы ісі!
Оқытты ғой меніменен ол сені,
Дүниенің бір кірпіші бол деді.
Ұстаз деген сарқылмайтын дария,
Ақыл менен парасаттың мол кені.

Мұғалімге ел боп көңіл бөлуші ек,
Оларды әркез төрімізден көруші ек.
Үлкендерім риза болса балаға,
«Мұғалім бол!»деп батасын
                                         беруші ед.

 Аманкелді РАЙХАНҰЛЫ,
 Егіндікөл №1 орта мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар