Ауыл мектебінде болды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев Вячеслав орта мектебінде болып,  саладағы істің жайымен танысты.

Кездесуде  оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын байытуға ерекше көңіл бөлінді. Осы орайда, мектеп директоры Татьяна Немцан жүзеге асырылып жатқан бірқатар жобалармен таныс-тырды. Қонақтар 9 сынып оқушысы Александр Барткевичтің электр қуатын үнемдеу жобасына ерекше қызығушылық танытты. Александр әртүрлі шамдарды қолдана отырып, жобаның технологиясына кеңінен тоқталды.
Бұл шарада облыстық, республикалық жобалар жетістігінің көрмесі де ұйымдастырылды. Жоғары санатты мұғалім Мариэлла Потехина, бірінші санатты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі  Вячеслав Савватиев шеберлік сыныптарын өткізіп, жұмыстарын пысықтады. Ал, тарих, құқықтану, ағылшын тілі пәндері мен бастауыш сынып мұғалімдері, өндірістік оқу шебері сияқты мамандар оқу-тәрбие жұмыстарына кеңінен тоқталды.
Оқу-әдістемелік кешенінің көрмесі де көпшілік назарына ұсынылғанын  айта кету артық болмас. Жұмыс барысын қорытындылаған  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі мұғалімдер лингвистикалық дағдыларды қалыптастырумен бірге оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу қажеттігін баса айтып өтті. Кездесу соңында ол білікті де білімді ұстаздардың жұмысына оң баға берді.
Гүлсина БАЙСЕЙІТОВА,
Вячеслав орта мектебінің мұғалімі.
Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар