Ақмола облыстық сайлау комиссиясының 2015 жылғы 29 қаңтардағы №17/9 қаулысы

Мәслихаттан шыққан депутаттардың орнына Ақмола облысы мәслихаты депутаттарының сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 10-тармағына, 101-бабының 4-тармағына, 103-бабының 6-тармағына сәйкес Ақмола облыстық сайлау комиссиясы қаулы етті:
1. 2015 жылғы 29 наурызға мәслихаттан шыққан депутаттардың орнына №13 сайлау округінен Ақмола облыстық мәслихаты, №7 сайлау округінен Көкшетау қалалық мәслихаты, №10 сайлау округінен Степногорск қалалық мәслихаты, №13 сайлау округінен Бурабай аудандық мәслихаты, №5 сайлау округінен Зеренді аудандық мәслихаты депутаттарының сайлауы тағайындалсын.
2. 2015 жылғы 29 наурызға мәслихаттан шыққан депутаттардың орнына Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауын өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2015 жылғы 9 ақпанда басталып, 26 ақпанда аяқталады.
Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу  барлық қажетті   құжаттарды алған соң бас-
талады және 2015 жылғы 3 наурызда аяқталады.
Төраға   А.ШАЯХМЕТОВ.
Хатшы   Г.ГЛУХОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар