Монша салынады, бірақ, сәл кейін…

 Заречный селолық округінің әкімі Наталья Милюк  тұрғындармен есеп беру кездесуін өткізіп, өз жұмыстары жөнінде есеп берді.

Аталмыш жиында округ әкімі  өңірдің әл-ауқаты жөнінде сөз қозғап, алда тұрған басты міндеттермен бөлісті. Атап айтар болсақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мұндай игі істен тыс қалмай,  өз кезегінде мектепке  жиһаз сыйлаған екен. Ал, «Заречный» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мектеп ұжымына автокөліктің кілтін табыс етті.
Сондай-ақ, ауылды абаттандыру, жолдарды қалыпқа келтіру мәселелері өз шешімін тауып келеді. Мәселен, «Аймақты дамыту» бағдарламасы шеңберінде ауыл ішінде екі жол жөндеуден өтті. Округтің бүгінгі тыныс-тіршілігі күн санап жақсаруда. Мұнда ауыл шаруашылығының  қарыштап дамуы мал азығының колжетімділігіне  ғана байланысты емес. Сонымен қатар, бұл ретте 216 адамнан құралған «Заречный»  тұтынушы кооперативінің алар орны ерекше екен. Оған қоса, жеке кәсіпкер Даниил Унгефуг мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасын белсенді түрде игеріп келеді.
Кездесу соңында тұрғындар ауылдың ішін жарықтандыру, қоғамдық монша салу сынды  өзекті мәселелерді көтерді. «Заречный» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Уәлихан Әріпов монша құрылысы жайлы  сұраққа тұшымды жауап қатты. Ол өз сөзінде алдымен екі қабатты үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, оған Калачи ауылының тұрғындарын көшіру қажеттігін тілге тиек етті. Ағымдағы жылы спорт мектебінің құрылысын аяқтап, мәдениет үйінің ішкі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда бар екен. Одан басқа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу және жұмысшыларға жалақыны уақытында төлеу мәселелері өз шешімін табуы қажет. Сол себепті,  ол қоғамдық моншаның құрылысы алдағы күннің ісі екенін жеткізді.
Ауыл тұрғындары  ауыл шаруашылығы құрылымдарына көрсетіп отырған көмектері үшін ризашылықтарын білдіріп, айтылған мәселелер жуық арада жүзеге асса екен деген тілектерін айтты.

Ләззат ЖОЛДЫБЕКОВА.
Есіл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар