1 миллиард теңге өндіріліп алынды

Облыстық прокуратураның әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының басшысы Серікжан Қожахметов бұқаралық ақпарат құралдарымен  баспасөз мәслихатын өткізіп, онда өткен жылы атқарылған жұмыстарды саралады.

Оның айтуынша,  әлеуметтік-экономикалық салада былтыр 1388 тексеріс жүргізіліп, осының нәтижесі бо-йынша 1781 тұлға әртүрлі деңгейдегі жауапкершілікке тартылған. Жалпы, облыс бойынша жиырма  мыңнан астам азаматтың құқығы қорғалыпты. Бұдан басқа, басқарма уәкілетті органдармен бірлесіп кадастрлық құны 822 миллион теңге болатын жер телімдерін мемлекетке қайтаруға ықпал еткен.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарына барғандардың да біразы прокуратураның құрығына ілінген. Олардың қатарында облыстық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясының басшысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармалары басшыларының орынбасарлары сияқты бірқатар лауазымды тұлғалар бар. Жалпы, мемлекеттің  материалдық мүдделерін қорғау бағытында  бір миллиардтан астам теңге  өндіріліп алынған. Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау саласында да қолға алынған істер жетерлік. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде туризм және спорттық инфрақұрылымды құру бойынша міндеттемелерді орындамай, өрт қауіпсіздігін сақтамағаны  үшін  «Жасыл Арал-2008» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен Щучинск – Бурабай курорттық аймағы аумағында туризм мақсатында жер телімін жалға алу жөніндегі шарт бұзылды. Заңсыз ағаш кесудің 26 фактісі анықталып, оның сегізі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Серікжан Қожахметов мемлекет пен қарапайым азаматтардың мүдделерін заң жүзінде қорғауды прокуратура органдарының әлі де жалғастыра
беретіндігін жеткізді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар