Бұл жоба бағаны тұрақтандырады

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин халық көп тұтынатын азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компания-сы» АҚ ұсынған жобаны талқылауға арналған мәжіліс өткізді.
Облыс басшысы жұртшылық күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарларының бағасы аймағымызда республикалық орташа деңгейден жоғары болып отырғандығын, осы орайда, бұл бағытта көп жұмыс жүргізу қажеттігін айта келе, сауда нүктелерінде сатылып жатқан азық-түлік тауарларының біразы жергілікті жерде өндірілетіндігіне қарамастан, онда көбіне өзге аймақтардан және шет елдерден әкелінген тауарлар сатылатынына, бағаның көтерілуіне бұл жайдың үлкен ықпал ететіндігіне назар аударып, саудаға шығарылатын жергілікті азық-түлік өнімдерінің үлес салмағын көтеру қажеттігін атап өтті.
«Есіл» ӘКК ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Қазыбек Ескендіров азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға арналған «Көкшетау өнімдері» жобасы жа-йында жан-жақты баяндап берді. Жобаның мақсаты халық көп тұтынатын, жергілікті жерде өндірілетін азық-түлік өнімдерін делдалдарсыз өндірушіден бірден сауда орындарына шығару арқылы бағаны төмендету және тұрақты ұстап тұру. Оны жүзеге асыру үшін корпорация бір тиын ақша шығармайды, бюджет қаржысы да жұмсалмайды. Тек тауар өндірушілермен және сауда орындарының басшыларымен келіссөздер жүргізу арқылы өзара тиімді әрекетке қол жеткізіледі. Корпорация «Көкшетау өнімдері» жобасына қатысушылардың тізімін жасап, бекітеді. Оған қатысушы тауар өндірушілері азық-түлік өнімдерін бөлшек саудадағы бағадан 5 пайыздан артық емес баға бойынша сау-да орындарына жеткізіп береді. Ал, сауда орындарының басшылары өз кезегінде сол бағадан 5 пайыздан артық емес үстеме қосып сатуға міндеттенеді. Делдалдарсыз, көтере сатып алып, үстемелеп сататын ұсақ саудагерлердің қатысуынсыз, өнім өндірушілердің сауда орындарымен тікелей байланыста жұмыс істеуі екі жақ үшін де тиімді болмақшы.
– Бүгінгі күнге дейін облыс орталығының 12 ірі сауда орындары жаңа жобаға қатысуға келісім берсе, жуық арада олардың қатары 20-ға жететін болады, – дейді корпорацияның басқарма төрағасы. Оған қоса, корпорацияның 9 павильоны да осындай қызмет көрсетеді. «Көкшетау өнімдері» жобасына қатысушылардың тауары сауда орындарына үстіміздегі жылдың 1 қарашасынан бастап түсетін болады. Корпорация басқармасы төрағасының айтуынша, алдымен облыс орталығында іске қосылатын жоба кейін келе барлық аудандарда жұмыс істей бастамақшы. «Қазір өсімдік майының литрі қала сауда орындарында 400 теңгедей болса, біз «Сочинский» серіктестігімен литрін 340 теңгеден алуға келістік. Мұндай келісімдер картоп өсіретін шаруашылықтармен де жасалды», – дейді Қазыбек Ескендіров. Ауыл шаруашылығы тауарларының 13 түрі бо-йынша 100-ге тарта шаруашылықпен келісім жасау жоспарланса, бүгінгі күні 35-імен келісім жасалыпты. Облыс басшысы жұмысты әлі де пысықтап, бағаны тұрақтандыруға ықпал ететін бұл жобаны жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
Қалкөз Жүсіп.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар