«Ағаш отырғыз!»

«ЯРКОкросс» марафонынан жиналған қаржыға облыс орталығына ағаш көшеттері отырғызылды.

«Ағаш көшетін отырғыз» республикалық коммерциялық емес экологиялық ұйымы Қазақстанды аралап, «ЯРКОкросс» жазғы қайырымдылық марафонынан түскен қаржыға ағаш көшеттерін отырғызды. «ЯРКОкросс» – салауатты өмір салтын қолдауға келетін адамдардың бояу фестивалі. Қатысушылар белгілі бір ара-қашықтықты жүгіріп өтіп, жол бойы ашық бояу ұнтағын шашады.
Биылғы жылы ұйымдастырушылар Көкшетау қаласындағы №1 сервистік-техникалық колледжін көгалдандыруға өз үлесін қосты. Мекеме аумағына отыздан астам алма ағашының көшеті отырғызылды. Бұл шараға «Зеленстрой» серіктестігі, «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамы мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері қатысты.
«Ағаш көшетін отырғыз» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Евгения Беляеваның айтуынша, бұл қайырымдылық марафоны биылғы жылы еліміздің жеті қаласында өткен. Қала тұрғындары фестивальге қатысу үшін футболка, рюкзак және бас киім сатып алды. Саудадан түскен қаржы жыл сайын шара өткізу шығыны мен ағаш көшеттерін отырғызуға жұмсалады. Биылғы жылы мұндай шара Алматы, Қарағанды, Астана, Шымкент, Өскемен мен Көкшетау қалаларында өткізіліп, бір мыңға жуық ағаш көшеті отырғызылды.

Махаббат БОЛЬШИНА,
Ақмола облыстық дене шынықтыру
және спорт басқармасының
баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар