Жол қатынасы жақсарды

Ақкөл ауылы Көкшетау қаласынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан. Бір мыңнан астам тұрғыны бар.

Облыс орталығы іргеде тұрған соң, тұрғындардың көбі сонда барып жұмыс істейді. Қаланың оқу орнында оқитын жастар да аз емес. Екі ара тиіп тұрғаннан кейін, бәрі таңертең кетіп, күндіз не кешке үйлеріне оралғанды жөн көреді. Мұндайда жұмысы кештеу басталатындарға қиын болатын. Таңғы автобус сағат 8-де кетеді. «Ерте барып, не істейміз деп», жолға шығып, көлік тосатын.
Енді ауыл тұрғындары «Көкшетау» автобус паркі» ЖШС-ның бас директоры Әсия Өміртасқызы Шәрімоваға алғыстарын
жаудырып отыр. Өйткені, ауыл әкімі Талғат Мұхамадиев халықтың жоғарыдағы жағдайын айтып барғанында, кәсіпорын басшысы ақкөлдіктердің өтінішін жерге тастамады. Қазір Көкшетаудан Ақкөл ауылына автобус күніне алты рет қатынайтын болды. Сөйтіп, тұрғындарды мазалаған мәселе шешілді. Жағдайымызды түсінген Әсия қызымызға өркенің өссін дегеннен басқа айтарымыз жоқ.

Ақкөл ауылы тұрғындарының атынан
Сәуле  ҚАЖЫБАЕВА.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар