Ақмола облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ізгі істер эстафетасын қабылдап алды

Астанада өткен Қа-зақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылу салтанаты барысында Астана  қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 ізгі іс» эстафетасын Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагинге табыс етті.

– Құрметті достар, сіздерді бүгін ашылып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы жылымен құттықтаймын! Бұл – еліміздегі үлкен мереке. Бүгін біз «20 ізгі іс» эстафетасын бастаймыз. Эстафета символы Тайқазан Түркістан қаласынан Астанаға жеткізілді және бүгін оны елордалық Ассамблея 20 ізгі іспен толтырды, – деп атап өтті Ә. Жақсыбеков өз сөзінде.
Бұдан кейін ол Тайқазанды Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагинге табыстады.
– Бүгін – бізде нағыз мереке. Пост кеңестік елдердің ішінде  тек бізде ғана бірлік пен бейбітшілік үстемдік құрып тұр. Қазақстан халқы Ассамблеясы – біздің мақтанышымыз, ең басты құндылығымыз, – деп атап көрсетті өз сөзінде С.Кулагин Тайқазанды қабылдап алған соң.
Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының ізгі істерінің символы ретінде Тайқазанды таңдаудың өзіндік себептері бар. Ол ықылым замандардан адамдарды бірлікке шақырып, бір дастархан басына тоғыстыра білген. Тайқазан – бірлік пен берекенің, тоқшылық пен молшылықтың белгісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар