Қаржы нарығы – бақылауда

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Ақмола филиалы директорының орынбасары Гүлнәр Омарова журналистермен баспасөз мәслихатын өткізіп, өңірдегі қаржы нарығының бүгінгі жағдайын айтып берді.

Директордың орынбасары өз сөзінде республика бойынша 9 айда жинақталған инфляция 4,2 пайызды, Ақмола облысы бойынша 4,1 пайызды құрағанын айтып өтті. Бұл өткен жылғы деңгейден сәйкесінше 5,6 пайыз және 4,5 пайыз төмен. Жылдық инфляция қыркүйекте 7,1 пайыз, облыс бойынша 7,4 пайыз деңгейінде қалыптасты. Өткен жылдың сәйкес мерзімінде жылдық инфляция 16,6 пайызды, облыс бо-
йынша 15 пайызды құрады. 2017 жылдың тамызы мен қыркүйегінде валюталық нарықта құнсыздану орын алады деп күтілді. Жыл басынан бері теңгенің әлсіреуі 0,2 пайызды
құрады. Қыркүйекте облыс тұрғындары 15,6 миллион АҚШ долларын, 1,1 миллион еуро және 634,0 миллион ресейлік рубль тәрізді шетел валютасын сатып алды. Бұл шығындарды өткен айлармен салыстырғанда, АҚШ доллары 26,4 пайызға, еуро 42,1 пайызға қысқарды. Тек ресейлік рубльді сатып алу 4,1 пайызға көбейді. Қыркүйекте АҚШ долларын сатып алу көлемінің нақты азайғаны тұрғындардың құнсыздануды күтудің тұрақтанғанымен түсіндіріледі. Теңге серпініне сыртқы рыноктардағы қолайлы жағдай ықпал етеді. Оның ішіне баррель үшін 60 доллардан жоғары деңгейде мұнай бағасының сенімді бекуі кіреді. Ұлттық валюта бағамының одан әрі серпіні аталған факторлармен байланысты болады. Биылғы жылдың 1 қазанында өңір банктеріндегі депозиттердің жалпы көлемі 134,1 миллиард теңгені құрады. Шетел валютасының депозиттері 4 пайызға қысқарып, 46,8 миллиард теңге болды. Ұлттық валюта депозиттерінің өсуі долларландырудың одан әрі 34,9 пайызға дейін азаюына ықпал етті. Мәселен, 2016 жылдың қаңтарында депозиттерді долларландыру 61,4 пайызға жетті. Шетел валютасы депозиттеріндегі жеке тұлға салымшыларының үлесі 33,6 пайызды құрады. Теңге депозиттері бойынша орташа пайыздық мөлшерлемесі 10,8 пайыз, шетел валютасында 2,7 пайыз деңгейінде қалыптасты,–деді директордың орынбасары.
Банктердің несиелеу белсенділігі жандануда. 2017 жылдың 1 қазанында банктердің экономиканы несиелендіруінің жалпы көлемі 191,9 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзіміндегі көрсеткіштен 16,3 пайыз артық. Қарыз алушылардың құрылымын талдау банктер жеке тұлғалардың 48,5 пайызын, заңды тұлғалардың 51,5 пайызын несиелендіретінін көрсетті. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда ұлттық валютамен берілетін несиелер көлемі 11,2 пайызға көбейіп, 152,4 миллиард теңгені құрады. Несиелерді долларландыру деңгейі жалпы несиелеу көлемінің 20,6 пайызын құрады. Теңге несиесі бойынша орташа пайыздық мөлшерлемесі 16,5 пайызды, шетел валютасы бойынша 8,4 пайызды құрады. Облыс банктері биылғы жылдың 9 айында 107,7 миллиард теңге несие берді. Бұл өткен жылғы сәйкес мерзімдегі көрсеткіштен 73,6 пайыз артық. Сондай-ақ, тұтынушыларды
несиелеу өсіп келеді. Банктердің тұтынушылар несиесі бойынша облыс тұрғындарының несиелік қарызы 55,1 миллиард теңгені құрады.
Жыл басынан бері тұрғындарға берілген тұтынушылар несиелерінің көлемі 54,1 пайызға көбейді. Банктердің ипотекалық несиесі бо-
йынша облыс тұрғындарының қарызы 24,6 миллиард теңгеге жетті. Жыл басынан бері берілген ипотекалық несиелердің көлемі 6,3 миллиард теңгені құрады. Гүлнәр Омарова одан әрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен мемлекеттік қызмет тізіміне енгізілген «Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу» қызметі жөнінде айтып өтті.
– Коллекторлық агенттік коммерциялық ұйым болып табылады. Бүгінгі таңда Ақмола облысы бойынша коллекторлық агенттіктің
5 филиалы мен өкілдіктері жұмыс істейді. Қарыз алушылардың коллекторлық агенттікке кінәрат-талаптары болса, Ұлттық Банктің аумақтық филиалына жолығуларына болады. Тұтынушылар құқын қорғаудың жоғары деңгейі тиімді және толыққанды қаржы нарығы жұмысының кепілі болып табылады. Осы орайда, «НБК Онлайн» Ұлттық банктің жедел қоғамдық қабылдауынан құқықтық көмек және кеңес алуға болады, – деген директордың орынбасары журналистердің қойған сауалдарына тұшымды жауап берді.

Рамазан Тілеуов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар