Елінің бір елеулісі

Пайым-парасаты өте жоғары, адамгершілік ажары, кісілік келбеті көпке үлгі, жаны жайсаң, жақсы азаматтың бірі – Ғалым Бекмағамбетов. Біздің өңірдің тұрғындары Ғалым Мәдешұлының еңбек жолынан жақсы хабардар. Әрдайым сұлу да сырбаз кейіптен бір танбайтын оның жан дүниесінде де таңғы шықтай мөлдіреген тазалық бар.

Әрдайым сөзі мен ісі бір жерден табылатын, абыройы асқақ азамат қала әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған кезде талай игі істердің басы-қасында болды. Қай кезде болсын уақытпен санаспай, иманды істерге ұйытқы болып жүретін тынымсыз жанның еңбегі лайықты бағаланып, облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Жұмыс еселене түсті. Әйтсе де, бұған дейін мол тәжірибе жинақтаған, білімді адамға өзіне жүктелген жауапкершілікті табандылықпен атқарып кетуге көп қиындық туа қойған жоқ.
Бүгінгі таңда «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары ретінде жемісті қызмет етіп жүр. Ал, партия қызметі жан-жақты және өте маңызды. Еліміздегі ең беделді саяси партияның аймақтағы филиалының алдына қойылып отырған міндет жүгі де аз емес. Идеологиялық қызметке төселген ол жаңа жұмысты да ұршықша үйіріп әкетті.
Қазіргі ұжым негізінен жастардан құралған. 25-30 жас аралығындағы жас толқынға саяси жұмыстың қыр-сырын үйретіп, тас түлектей баулу үшін басшының бо-
йында жоғары парасатпен қатар, айрықша шыдамдылық болуы қажет. Қай уақытта қарасаңыз да басшының тап-тұйнақтай киініп жүруі, өзін-өзі ұстай білуі, ішкі мәдениеті, адам жанын ұға білетін жанашыр пейілі ұжымдағы жастар үшін әдемі үлгі.
Негізінде, Ғалым Мәдешұлы жұмыс барысында ұзын арқан, кең тұсауға салуды ұната қоймайды. Уәде бердің екен, орындауың шарт. Жалпы, кез-келген жұмыс өз ырғағымен, уақытылы, тап-тұйнақтай болып атқарылып тұруы керек. Ол үшін алдымен жауапкершілік жүгін түсіне білгеніңіз абзал. Сонда ғана алға қойған мақсат толығымен орындалып, абыройға бөленесің. Басшының өзі де қашан көрсең ширақ қимылдайды. Айтар ойын бүкпесіз, нақты, айқын жеткізеді. Сондықтан да болар, тапсырмасы іле орындалып жатады.
Үнемі кезек күттірмейтін қауырт шаруалармен айналысып жүргендіктен тіпті, шаршауға да мұршасы жоқ секілді болып көрінеді. Бәлкім бұл өмірге деген шынайы махаббат шығар. Өмірге құштар адамдар өз ғұмырын жақсарту үшін оның әр сағатын, әр минутын бағалай біледі. Тіршіліктің мазмұны да бәлкім осыған саюы мүмкін. Тағы бір екпін түсіре айтатын жай, ол ашықтығы мен шыншылдығы. Оған қоса адамға жаны ашып тұратындығын ерекше айта кеткеніміз орынды болмақ. Әсіресе, әлдебір себептермен тағдыр тәлкегіне ұшырап, басына іс түскен адамдарға жақсылық жасауы кез-келген адамның қолынан келе бермейтін иманды шаруа. Дәл қазіргідей алмағайып заманда жаныңда жүрген адамдардың жүрек лүпілін сезініп, қабағындағы кірбіңді аңғарып, көңіл бөлу, қолыңнан келіп жатса қайырымдылық жасау, тағдыры тығырыққа тірелгендерге қол ұшын беру нағыз адами қасиет емес пе. Ғалым Мәдешұлы бүгінде мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасын, жалғызілікті қарияларды назарынан тыс қалдырмай, үнемі қамқорлық көрсетіп отырады. Олардың қолдары жетпей жүрген дәрі-дәрмегін тауып беріп, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға септігін тигізеді. Бірақ, осы бір жасқы істеріне жарнама жасап, айтқанды жаны сүймейді. Бұл шаруасы өзінің ойынша тек қана азаматтық парыз.
Еңбектің құдіретін бағалау – басты ұстанымы. Әріптестері мүмкіндігі болған уақытта пікірлескенді жақсы көреді. Жақсымен тілдесудің өзі бір жасап қалғанмен бірдей емес пе. Оның үстіне көргені мол, көшелі азаматтың өміріндегі тәджірибесі өз алдына бір мектеп. Ұлағат мектебі.
Ғалым Мәдешұлы ертең 62 жасқа толғалы отыр. Біз туған күніне орай алдымен зор денсаулық, отбасының амандығын тілейміз. Ортаға қосар ортақ үлесіңіз олқы түспесін.
Ізгі ниетпен,
«Нұр Отан» партиясы
Ақмола облыстық филиалы
аппаратының ұжымы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар