Нақтылы іс те, жоба да бар

Ақкөл ауданының әкімі Теміржан Едігенов өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистермен брифинг өткізіп, өңірдің жыл басынан бергі әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында айтып берді.

Аудан әкімі өз сөзін өнеркәсіп саласынан бастады. Өңірде осы сала өндірілген өнім көлемі бойынша көш бастап тұр. Мәселен, ағымдағы жылдың тоғыз айында 3,4 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Оның ішінде іргелі кәсіпорындар «ҚазОрманКомпаниясы» серіктестігі 1700 мың куб немесе 133 миллион теңге, «Үш бұлақ-2005» серіктестігі 590 миллион теңгенің өнімін өндірген. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласында оң өзгерістер байқалады. Оның дені егін шаруашылығына тиесілі. Биылғы жылы аудан диқандары егістік алқаптың әр гектарынан 11 центнерден өнім алып, барлығы 138,7 мың тонна астық жинады. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда біршама жоғары. Сонымен қатар,
ауданда мал шаруашылығы саласында да ілгері басушылық бар. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы құрылымдарына мал өнімдерін шығаруға, селекциялық төлді асылдандыру жұмыстарына 104 миллион теңге субсидия бөлінген. Аудан Астана қаласының айналасында азық-түлік белдеуін дамытуға да үлес қосып отыр. Өңірде етті мал шаруашылығын дамыту аясында қолға алынған мемлекеттік бағдарламаларды орындау бағытында кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Осы мақсатта аудандағы «Қатаев» жеке кәсіпкерлігі «Ырыс» бағдарламасы арқылы 50 бас сиырға арналған сүтті-тауарлы фермасын ашты. Оған қоса, осы шаруашылық «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 300 бас ірі қара мен қой сатып алған. Алда тағы Қарағанды облысынан 500 бас ірі қараны жеткізуді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, аудан «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму», «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020», «Нұрлы жер», «Сыбаға», «Құлан» және «Береке» тәрізді мемлекеттік бағдарламаларға да белсенді қатысуда. Осы бағдарламалардың көмегімен ауданда өнеркәсіп саласы мен шағын және орта бизнес те даму үстінде.
Ал, құрылыс саласына келетін болсақ, тоғыз айда 5,5 миллион теңгенің жұмысы атқарылды. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда біршама жоғары, яғни, 6 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй ғимараттары тапсырылды. Оған қоса, инфрақұрылымдарды дамыту, елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында қомақты қаржы бөлініп, жобалар жүзеге асырылуда. Оның ішінде Кіші Барап, Жалғызқарағай ауылдарында су құбырлары жөнделетін болса, Азат ауылында су құбырын салу бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп отыр.
Брифингте аудан әкімі келер жылы іске қосылатын жобаларға тоқталып өтті. Мәселен, «Терем.Ок» серіктестігі шай жапсырмаларын шығаруды, «Казанова» жеке кәсіпкерлігі лимонад және су өндірісін, «Кенебай» жеке кәсіпкерлігі сүт өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр.
– Ауданда бұдан басқа да әлеуеті жоғары жобалар баршылық. Мұның барлығы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштерін жақсартып, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, –деді аудан әкімі.
Сонымен қатар, өңірде Елбасы Жолда-
уында айтылған әлеуметтік саланың дамуына да жете көңіл бөлінуде. Әсіресе, денсаулық сақтау, білім, мәдениет және жұмыспен қамту бағытында біраз іс тындырылған. Брифинг барысында журналистер аудан әкіміне өңірдің басқа да әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарына қатысты сауалдарын қойып, жауаптар алды.
Аслан Оспанов.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар