Ерейменнің малсақ Айгүлі

Соңғы уақытта «Жаңа Береке» шаруа қожалығы мал шаруашылығын жете қолға алып отыр.

Қазіргі кезде мұнда башқұрт жылқылары мен қалмақ сиырлары өсірілуде. Шаруашылық 2013 жылы қалмақтың асыл тұқымды 93 бас сиыры мен 5 бас бұқасын және 5 бас дон жылқыларын сатып алған болатын.
Шаруа қожалығы еліміздегі қалмақ және голловей тұқымды ірі қара мал өсірумен айналысатын республикалық палатаның құрамына кіреді. Өткен жылы мұнда ірі қара саны 589 басқа жетті. Оның 326-сы сиыр. Сондай-ақ, асыл тұқымды башқұрт жылқылары қазір жүзден асып жығылады.
Шаруашылықта 300 бас ірі қараға арналған 5 мал қорасы бар. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1750 гектар жер бар болса, оның 1700 гектарын мал жайылымы, 50 гектарын бордақылау алаңы құрайды. Айгүл Рамазанова басқаратын шаруа қожалығы биылғы жылы 3000 бас ірі қараға арналған бордақылау алаңын іске қосуды жоспарлап отыр.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар