Балаларға мейірімді Қазақстан

Осындай тақырыппен Бүкіләлемдік балалар күніне орай, Астана қаласында халықаралық конференция болып өтті.

Айта кету керек, аталмыш шара үкіметтік емес сектор мен халықаралық ұйымдардың өкілдерімен бірге балалар құқығы жөніндегі омбудсменмен серіктесе жұмыс жүргізу аясында өткізіліп отыр. Жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары, халықаралық сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Аталмыш шараға біздің өңірден облыстық білім басқармасының басшысы Талғат Жүнісов пен «Жас Ұлан» жастар қозғалысының көшбасшылары қатысып, тәжірибе жинақтап қайтты.Конференция аясында 13 тақырыптық диалог алаңы ұйымдастырылып, өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесі, болашаққа бағдар болар білімді, интеллектуалды ұлт қалыптастыру мәселелері қозғалды. Делегация құрамында барған оқушылар күн санап қарқынды дамып келе жатқан ел жүрегі Астана қаласындағы сәулетті нысандарды аралады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар