Ассамблея туралы Заңға өзгертулер енгізіледі

Облыс орталығындағы Достық үйінде этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруына байланысты кеңес отырысы болып өтті.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марал Жақыпова облысымызда «Атамекен» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндап берді. Оның айтуынша, қоғам мүшелерін жұмылдыра отырып, жергілікті жерлерде әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бұл жоба «Туған жер» бағдарламасының аясында қолға алынған екен. Жоба «Жомарт жүрек» және «Әлеуметтік бастамалар картасы» секілді екі негізгі бағытты қамтиды. Бірінші бағыт бойынша облыста мәліметтер жиынтығы құрылып, оған 900-ден астам меценаттар мен қайырымды жандардың есімдері енгізілген. Соның ішінде тұрақты түрде қайырымдылықпен айналысатын 69 ұжым бар. Қазіргі таңда «Қоғамдық келісім» мекемесі әлеуметтік нысандарды салу және қайта жаңартуға байланысты 56 әлеуметтік бастама бойынша жұмыс істеуде. Оның 12-сі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағыты бойынша қолға алынуда. 56 жобаның 42-сі үстіміздегі жылы іске асқаны кеңес отырысында айтылды.
Одан кейін «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы туралы «Қоғамдық келісім» мекемесі ғылыми-сараптамалық бөлімінің маманы Светлана Егикянның баяндамасы тыңдалып, Қазақстан халқы Ақмола ассамблея-
сы жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың жетекшісі Ардақ Қапышев өз сөзінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына енгізілгелі жатқан кейбір өзгертулер мен толықтыруларға тоқталып өтті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар