Балаға ат қою – SMS арқылы

Қазақстандықтар енді жаңа туған сәбидің есімін sms-хабарламасы арқылы қоя алады. Бұл жаңа туған сәбидің құжаттарын ресімдеу үшін жасалып отырған жеңілдік.

Бір қарағанда, sms-хабарламасы арқылы сәбидің есімін қоя салу баланың болашағына бейжай қарағанмен тең секілді көрінеді. Дегенмен, қазіргі заман талабы сол болып отыр. Бүгінде есеп-шотта ақшаң болса болды, кез келген коммуналдық төлемдерді, банктік операцияларды далаға шықпай-ақ, үйде отырып атқара беруге болады. Тіпті, қолыңда Интернетің болса, ешқайда шықпай, Е-үкімет арқылы мекен-жай анықтамасына, некеге отыруға өтініш беруге, балаңыздың балабақшадағы кезегін қарауға болады. Бұл да осы тәрізді операциялардың бірі.
Парламент Мәжілісіндегі кезекті Үкімет сағаттарының бірінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев осы жайлы айтып берді. «Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің проактивті принципін толықтай электрондық нұсқада жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұндай жағдайда адамдардың халыққа қызмет орталықтарына арнайы келуі қажет болмайды. Мысалы, бала туғанда ата-анасына туу туралы куәлік алу үшін баланың аты-жөнін, жәрдемақылар тағайындау үшін шот нөмірін және балабақшаға кезекке қою үшін мекен-жайын көрсету ұсынысын автоматты түрде sms-хабарламалар арқылы жолдайды. Өтініш беруші мемлекеттік корпорацияға қызмет нәтижесін алып кетуі үшін ғана келеді немесе үйге жеткізу қызметіне тапсырыс бере алады» деді Д.Абаев.
Сонымен қатар, министр жақында Астана қаласында мемлекеттік қызметтерді алу үрдісі толықтай автоматтандырылған Digital-ХҚКО іске қосылатынын және онда операторлар болмайтынына назар аударды. Цифрлық ХҚКО ашылуы мемлекеттік қызметтерді ұсынудың жаңа нұсқасына өту кезеңі болып табылады. Ол жерде азаматтар өз бетінше қоғамдық қолжетімділік орындары «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары және мемлекеттік корпорацияның арнайы стенд-павильондарында планшеттер арқылы электронды түрде өтініштер береді.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар