Жастар ауыл мәселесіне бойлады

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында облыс орталығының іргесіндегі Краснояр селосында «Жастар агрофорумы-2017: Болашақ кәсіпқойлардікі» атты ауыл жастары қоғамдық қозғалысы көшбасшыларының және оқушылардың ауыл шаруашылығы бригадаларының форумы болып өтті.

Республикалық «Жұлдыз» балалардың қоғамдық бірлестігінің одағы, облыстық білім басқармасы және облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы ұйымдастырған шараға үш жүзден астам студент, оқушы жастар қатысты. Форумның негізгі мақсаты ауыл шаруашылығы мамандығының және жастар арасында ауыл шаруашылығы еңбегінің беделін арттыруға, ауыл жастарын адамгершілік, рухани және патриоттық рухта тәрбиелеуде жастардың қоғамдық ұйымдарының жұмысын нығайтуға, туған жерді сүюге, Қазақстан халқының тарихы мен дәстүрін, еңбек адамдары мен ауыл еңбеккерлерін сыйлауға арналды. Жастар үш күн бойы бір-бірімен танысып, конкурстарға қатысып, ауыл мен жастардың өзекті мәселелерін талқылады. Форумның бірінші күні болашақ аграрлардың жетістіктері мен жобаларының көрмесі өткізілді.
–Сұхбат алаңы болып табылатын форум ауыл жастарының біліктілігін көрсетуіне және білім алуына мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда жастар жұмыс істеуге және ауыл шаруашылығы саласын дамытуға ұмтылады. Бұл салада үлкен жетістіктерге қол жеткізуге болады. Ең бастысы, білім мен еңбекке құштар болу қажет, – деді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Бекжан Сәдуақасов. Осы күндері жастар ауыл шаруашылығы, экология, аграрлық мамандарды кәсіптік дайындаудың өзекті мәселелері жөнінде әлеуметтік маңызды және ғылыми жобалардың бизнес-жоспарларын қорғады. Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің, ауыл жастары қоғамдық бірлестігі қозғалысы көшбасшыларының қатысуымен Қазақстанның ауыл жастары, ауылдың өзекті мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өткізілді. «Үздік механизатор» конкурсы өткізіліп, қатысушылар «Агрофорум-2017» жеңімпаздарын таңдап алды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар