Жас ғалымдар жүлдесі

Таяуда Көкшетау қаласындағы №3 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 8-11 сынып оқушылары арасында ғылыми жобалардың облыстық конкурсының ІІ кезеңі болып өтті.

Конкурстың негізгі мақсаты оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қабілеттерін арттыру, талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеп, қолдай отыра Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету болып табылады. Байқауға облыстың 16 ауданы мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан 261 жас зерттеушілер қатысты. Олар ғылыми жұмыстарын 4 бағыт бойынша сарапқа салды. Жалпы, 16 секция жұмыс істеді. Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Жүлделі І-ші орынды иеленген 19 қатысушы үздік деп танылып, абырой биігінен көрінді. 34 оқушы II дәрежелі дипломдарға ие болса, III дәрежелі дипломдармен 48 қатысушы марапатталды.
Жүлделі орындарға ие болған оқушылар облыстық конкурстың ІІІ кезеңіне жолдама алды.
Роза ИМАНОВА,
өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері.
Суретте: облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенова мен байқауға қатысушы Бурабай ауданындағы Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы Никита Шлейнингер.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар