Туың биік…

Тереңінен толғап жырын тарихтың,
Тағдырында қазақ деген халықтың,
Талай ғасыр ізі жатыр тізіліп,
Таңбаланған, тас бетінде тамып мұң.

Шертеді сыр, сары даланың тасы да,
Шертеді жыр, жел қобызы – базына.
Қазағымның мұңы, зары естілер,
Мұнаралы мазар жақтан сызыла.

Жері, желі, аспан, тауы куәгер,
Қазағымның көрген азап, сорына.
Қанын төгіп жанын берген жауынгер,
Ел аңсаған бостандықтың жолында.

От-жалынын кешіп қазақ азаптың,
Көрді қанша, зобалаңын тозақтың.
Кезіксе де тағдырыңа тар қапас,
Мойымадың,
Жоғалмадың,
Азатсың!
Азатсың!
Қазақсың!
Аз-ақсың!
Аз болсаң да, туды бүгін ғажап күн!
Түрілгелі бодандықтың түндігі,
Туың биік, жоғарыда тұрмақсың!

Желбірейді туым еркін желіңде,
Толқып жүрек, жыр арнайды еліме.
Елбасымыз келеді елмен көтеріп,
Азат елдің арман, жүгін, бәрін де!
Алмажан ӘСКЕР,
Шортандыдағы Институт орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *