Ақмола облысы әкімінің сыйақысына бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында ұйымдастырылатын облыстық «Алтын қалам» байқауының ережесі

I. Жалпы ережесі
1.1. Байқау Ақмола облысы журналистері, республикалық БАҚ-тардың меншікті тілшілері, баспасөз хатшылары, БАҚ-тардың интернет-ресурс-тары, өңірдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін бұқаралық ақпарат құралдарында үздік ақпараттық сүйемелдеу үшін.
1.2. Байқаудың ұйымдастырушысы және реттеушісі Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы.

II. Байқаудың мақсаты мен міндеттері
2.1. Байқаудың мақсаты – өңірдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін, азаматтық және ұлтаралық келісім мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарында сүйемелдеу бойынша үздік материалдарды анықтау.
2.2. Байқаудың міндеті.
а)  журналистерді өңірдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени жетістіктерін сүйемелдеуге тарту;
б) журналистердің әлеуметтік жауапты және патриоттық позициясын қалыптастыру;
в) өңір тұрғындарын бағдарламалық құжаттардың іске асырылуы жөнінде ақпараттандыру;
г) өңірлік журналистика дамуының позитивті векторын қалыптастыру, журналистердің кәсіби біліктілігін және белсенділігін арттыру;
д) қоғамдық келісімді, қазақстандық патриотизмді, рухани мәдениетті  нығайтуға ықпал ету.

III. Байқаудың ұйымдастырылуы 
3.1. Байқау осы Ереженің жарияланған күнінен бастап өткізіледі.
3.2. Байқауға БАҚ-тарда жарияланған авторлық мақалалар, 2014 жылғы 10 шілде мен 2015 жылғы 10 маусым аралығында жарияланған бейне сюжеттер, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі телебағдарламалар қабылданады.
3.3. «Алтын қалам» байқауының 2014 жылғы жеңімпаздары 2015 жылғы «Алтын қалам» байқауында дәл сол номинацияға қатыса алмайды.
3.4. Байқауға телебағдарламалар, сюжеттер, радиобағдарламалар CD/DVD-дискілерде, газеттік  жарияланымдар (көшірмелер) альбом немесе (материал атауы, басылымға, радио және телеэфирге шыққан күні мен нөмірі көрсетілген) папка түрінде қабылданады.
3.5. Байқауда сайттың қатысуы үшін сайттың мекен-жайы көрсетілген сұранаманы толтыру қажет.
3.6. Әр конкурсқа қатысушы БАҚ атауы, Т.А.Ә., пошталық мекен-жайы және телефон нөмірі көрсетілген сұранаманы толтырады және жеке куәлігінің көшірмесін ұсынады.
3.7. Сұранымдар және байқауға қатыстырылатын жұмыстар облыстық Ішкі саясат басқармасына (Сәтпаев к. 1 «б», 342 бөлме, тел. 25-72-19) 2015 жылғы 10 маусымға дейін қабылданады.
3.8. Байқау өткізілгеннен соң конкурстық жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

Облыстық, қалалық және аудандық баспа және электронды  БАҚ журналистері арасында
1. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» – Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған  Жолдауының өңірде іске асырылуын ақпараттандыруға бағытталған арнайы жобалар, жарияланымдар топтамасы, видео,  аудио материалдар үшін;
2. «Тәуелсіздік тағылымы – ұлт тарихы» – Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығын, ұлттық тарих, ұлттық мәдениетті, ұлттың мәдени кодының негізі ретінде қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттауға бағытталған материалдар жарияланымы үшін;
3. «Конституция – Тәуелсіздік тірегі» – Қазақстанда демократиялық мемлекетті және азаматтық қоғамды қалыптастырудағы Конституцияның рөлі мен маңызын ашып көрсеткен, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған іс-шараларды, қазақстандық заң шығарушы билік тармағы – қос палаталы Парламенттің  жұмысын, сот жүйесінің жетістіктерін кеңінен насихаттаған материалдар;
4. «Ұлы Жеңіс – халқымыздың даңқы мен ерлігі»  – Ұлы Отан соғысының тарихын, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін, іздестіру топтары, ардагерлер ұйымдарын және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеуге, Ұлы Отан соғысы жөніндегі тың деректерді, соғыс жылдарындағы өлке тарихын қамту, жеңіске жетудегі халықтың рөлін насихаттау, Қазақстан халқына ортақ тарихи құндылықтарды сақтау, Отан қорғаушылар ұрпағының мұрагерлігіне арналған материалдар үшін;
5. «Менің елім – Мәңгілік ел» – ұлтаралық келісім, мәдениетаралық диалог және конфессияаралық келісім, қазақстандық патриотизмді нығайту, терроризм және діни экстремизм идеяларына қарсы күрес салаларындағы мемлекеттік саясаттың жетістіктерін, Ассамблеяның 20 жылдығына арналған іс-шараларды, ұлт бірлігі, толеранттылық идеяларын, Қазақстанда тұратын этностар мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттауға бағытталған материалдар үшін;
6. «Мемлекеттің басты капиталы – білімді жас-тар» – білім беру сапасы, «Балапан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы, балалардың әлеуметтік бағдарлануындағы, мінез-құлықты қалыптастырудағы мектептің рөліне қатысты мәселелерді қарастыруға  бағытталған материалдар үшін;
7. «Инновация – игілік бастауы» – Үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы, кәсіпкерлік идеяларын насихаттау, Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдау шараларын жан-жақты көрсетуге бағытталған материалдар үшін;
8. «Ауылым – алтын бесігім» – облыстың ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп кешенінің дамуын қарастыру өңірдегі ауыл шаруашылығы саласының дамуымен байланысты жаңалықтарды сүйемелдеуге бағытталған материалдар үшін, ауылдағы қоғамдық маңызға ие бастамалардың шығармашылық шешімін тапқан үшін;
9. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде мемлекеттік тіл саясатының басым бағыттарын іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеуге бағытталған материалдар үшін;
10.  «Дені сау ұлт – ел болашағы» – денсаулық саласы мәселелерін және «Саламатты Қазақстан-2015» бағдарламасының жүзеге асырылу барысын ақпараттық сүйемелдеу, қоғамдағы жаппай спортпен шұғылдану, салауатты өмір салтын қалыптастыру және дәрігер мамандығының мәртебесін жоғарылатуға бағытталған материалдар үшін;
11. «Тұлға» – Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті тұлғалар туралы материалдар үшін;
12. «Туған жерім – тірегім» – Ақмола облысының тарихи-мәдени мұрасы, туған өлкенің тарихы, табиғи байлықтары, экологиясының сақталуы туралы мақалалар, видео, аудио материалдар, арнайы айдарлар үшін.

Республикалық баспа және электронды БАҚ журналистері арасында
13. «Арқа төрі – Ақмола» – республикалық электронды БАҚ-тарда облыстың үздік қамтылуы үшін;
14. «Арқа төрі – Ақмола» – республикалық  баспа БАҚ-тарда облыстың үздік қамтылуы үшін;
Байқау комиссиясы келесі арнайы номинациялар бойынша сұранымдарды қарастырады:
15. «Журналист  кәсібіне адалдығы  үшін» – отандық БАҚ-тардың даму саласындағы қызметі үшін журналист марапатталады.
16.  «Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет» – мекеме жұмысының негізгі бағыттарын республикалық БАҚ-тарда жариялаған мемлекеттік органның баспасөз қызметі марапатталады.
17. «Ең үздік сайт» – интернет сайтының дизайны, онда ақпараттың сапалы және уақытында орналастырылуы, материал мазмұнының толықтығы, ақпараттың екі немесе үш тілде орналастырылуы талаптарына сай, бұқаралық ақпарат құралы марапатталады.
18. «Әлемнің бір сәті» – Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын көрсететін үздік фотосуреттер үшін фотокорреспондент марапатталады. Байқауға кемінде 10 фотосурет қабылданады (түрлі-түсті суреттер, 10х15 өлшемінде).
19. «Телекөрермен қалауы» – үздік видеотүсірілім үшін теледидар операторы марапатталады.
20. «Газетті безендіру ісі» – үздік полиграфиялық шешім үшін баспа құралының техникалық қызметкері марапатталады.

IV. Байқауға қатысатын жұмыстарға қойылатын талаптар:
Байқауға қатысатын материалдар келесі талаптарға сай болуы тиіс:
– қамтылатын тақырыптың өзектілігі, материалдың кәсіби орындалуы;
– материалдың кәсіби орындалуы;
– Ақмола облысының жағымды имиджін, белсенді өмір ұстанымы және патриотизмді қалыптастыруға бағытталуы.
Байқау жеңімпаздарын анықтау барысында мына жайлар қосымша ескеріледі:
– тақырыптың терең ашылуы, дәлелдеме және баяндау сапасы;
– мәнерлілік, нақтылық және баяндау тәсілінің ұғынықтылығы;
– журналистиканың этикалық ұстанымдарына сәйкестігі;
– оқырманға материалды ұсыну қызықтылығы, ұсынылған материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

V. Өткізу және қорытындысын шығару тәртібі
1. Конкурстық материалдарды қарау және аталым бойынша тиісті шешім шығару үшін конкурстық комиссия құрылады.
2. Комиссия мүшелері мемлекеттік органдар өкілдерінен, журналистика ардагерлерінен, үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен және т.б. құралады.
3. Байқау нәтижелері байқау комиссиясымен қаралып, бекітіледі. Аталым бойынша ұйғарым комиссия отырысында, құрамының кемінде үштен екісінің болған кезде көпшілік дауысымен қабылданады.
4. Белгілі бір аталымда лайықты үміткер болмаған кезде байқау комиссиясы қаражатты басқа аталымдарға немесе  ынталандыру үстемақыларына бөлуге құқылы.
5. Бір үміткер екі немесе одан да көп аталымға ұсыныла алмайды.
6. Комиссия мүшелері байқауға қатыса алмайды.
7. Байқаудың ақтық нәтижелері 2015 жылдың үшінші онкүндігінде  облыстық «Арқа ажары», «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланады.
8. Комиссия  байқауда қосымша аталымдарды тағайындауға құқылы.
9. Байқау жеңімпаздары дипломдармен, арнайы сыйақылармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.
10. Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтарды табыстау Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында өткізілетін болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар