Есілге – жаңа әкім

 

Облыс әкімі Сергей Кулагин жұмыс сапарымен Есіл ауданында болып, актив жиналысында өз өкімімен және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі негізінде Аманбек Әмірхамзаұлы Қалжановты Есіл  ауданының әкімі қызметіне тағайындады.

 

 

Аманбек Әмірхамзаұлы Қалжанов 1961 жылы туған, жоғары білімі бар. 1989 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын экономист-ұйымдастырушы мамандығы бойынша бітірген.  
Еңбек жолын 1980 жылы Арқалық қалалық коммуналдық шаруашылығы арнайы автобазасының есепшісі болып бастады. 1983 жылғы наурыздан бастап Торғай облыстық статистика басқармасының есеп орталығының бас инженер-ревизоры, бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. 1989 жылғы шілдеден бастап Торғай облысы Жангелдин ауданының Алтынсарин атындағы және «Албарбөгет» кеңшарларында бас экономист болып істеді.
1994 жылғы шілдеден бастап Торғай облысы бойынша салық комитетінде  әртүрлі лауазымды қызметтер атқарды. 1997 жылғы тамыздан Ақмола облысы Жарқайың ауданы салық комитетінің төрағасы болды.
2004 жылғы сәуір мен 2012 жылғы сәуір аралығында Жарқайың ауданының әкімі, 2013 жылғы маусымға дейін Ерейментау ауданының әкімі қызметтерін атқарды.
Есіл ауданы әкімі қызметіне тағайындалғанға дейін  Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болды. «Құрмет» орденімен марапатталған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар