Еңбекшілдерге –жаңа әкім

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің өкімімен және аудандық мәслихат депутаттары келісімінің негізінде Асқар Мейрамбекұлы Қиықов Еңбекшілдер ауданының әкімі болып тағайындалды. Асқар Мейрам-бекұлы Қиықов  1966 жылы туған, екі жоғары білімі бар, 1988 жылы К.А.Тимирязев атын-дағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын ғалым- агроном маманды-ғы, 2003 жылы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.  
Еңбек жолын 1988 жылғы тамызда «Целингипрозем» Көкшетау филиалында жер инженері болып бастады. 1989 жылғы ақпаннан  Қарағанды облысы «Нефтехимик» кеңшарының агрономы, кейін директоры болып қызмет атқарды. 1996 жылғы желтоқсаннан бастап Қарағанды облысы Сарань қаласы «ДЭН» ЖШС директоры болды. 1999 жылғы ақпан мен 2001 жылғы сәуір аралығында Зеренді ауданы «Мирас 2» шаруа қожалығының директоры болып қызмет атқарды. 2001 жылғы сәуірде Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы болып тағайындалды.
2002 жылғы тамыздан бастап «ЛТД Макинск піспек сақиналары зауыты» директорының орынбасары, кейін директоры болып қызмет атқарды. 2006 жылғы мамырдан бастап «Eurasia Group» ЖШС агрономы, бөлім басшысы болып қызмет істеді. 2007 жылғы қарашадан бастап Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы «Еңбек-Береке» ЖШС директоры болды.
Ақмола облыстық мәслихатының депутаты болып сайланған. «Құрмет» орденімен марапатталған.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар