Кеше облысы әкімі Мәлік Мырзалин «Көкшетау» мәдениет сарайында өткен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған шараға қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

– Ел тәуелсіздігінің жиырма алты жылында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында тәуелсіз еліміз ішкі және сыртқы саясатта, экономикалық-әлеуметтік дамуда зор жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстанның қазіргі табыстарына әлем сүйсініп отыр, – деді өз сөзінде облыс әкімі М.Мырзалин.
Салтанатты шарада облыс әкімі ақмолалықтардың ел тәуелсіздігін нығайтуға қосып келе жатқан үлестерінің мол екендігін атап көрсетті. Аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі уақытта Елбасының алға қойған міндеттеріне сәйкес индустрияландыру, инвестиция тарту және ауыл шаруашылығын бүгінгі заманның талабына сай дамыту жұмыстары қолға алынды.
Тәуелсіздіктің 26 жылдығы қарсаңында Елбасының Жарлығымен әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуға зор үлес қосқан бір топ ақмолалықтар мемлекеттік наградаларға ие болды. Салтанатты шарада облыс әкімі М.Мырзалин осы наградаларды өз иелеріне тапсырды. Мұнымен бірге, өңір басшысы Халықаралық «Қансонар» бүркітшілер сайысында бірінші орын алған ақмолалық Қанат Шүленбаевқа жеңіл автокөліктің кілтін табыс етті. Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.
«Арқа ажарының»
өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар