Кейін қалып отырған жұмыс буындары алға апарылуы тиіс

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген кезекті әкімдік мәжілісінде өңірдің 2014 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, облыстық бюджеттің орындалуы және алда тұрған  міндеттер талқыланды.

Қала, аудан әкімдері, басқарма мен ведомстволардың басшылары, облыс әкімі аппаратының қызметкерлері  қатысқан мәжілісте облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Мәлғаждаров күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндама жасады. Өткен кезеңде өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 209,5 миллиард теңгені құраған. Металлургия саласы алға басса, Степногорск подшипник зауыты өз жұмысын дұрыс жолға қоя алмай отыр.

Ал, тау-кен өнеркәсібінде нақты өнім көлемінің индексі 100,6 пайызды құраған көрінеді. Өңдеуші кәсіпорындарда ет және ет өнімдері 15,7 пайызға, өсімдік майы 2,1 есеге, өңделген сүт 12,1 пайызға өскен. Одан әрі құрылыс индустриясы мен химия өнеркәсібінде алға басушылық бар екені айтылды. Нақты көлем индексі Есіл, Қорғалжын, Жақсы, Бұланды, Зеренді аудандарында  айтарлықтай жоғары. Өндірістің төмендеуіне Ерейментау, Жарқайың, Целиноград, Атбасар, Егіндікөл, Шортанды және Аршалы аудандарында жол берілген.
Осы орайда, облыс басшысы барлық жұмыстарды қадағалауды аудан әкімдеріне мұқият тапсырды.  2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Индустрияландыру картасына жалпы 716,7 миллиард теңгенің 63 жобасы енгізілсе, 5 жоба жүзеге асырылыпты. Жылдың соңына дейін тағы 10 жобаны іске қосу көзделген. Дегенмен, жаңа цемент зауыты биыл пайдалануға берілмейтін сияқты. Ауыл шаруашылығында жалпы өнімінің көлемі 155,5 миллиард теңгені құраған. Облыста өкінішке орай, егін орағы әлі аяқталмай отыр. Басқа салаларда да жетістіктер бар болғанымен, олқылықтар да аз емес. 
Биыл 140 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделген. Бұл бағытта Есіл, Зеренді және Жарқайың аудандары артта келеді. Ал, Егіндікөл және Жақсы аудандарында бірде-бір тұрғын үй пайдалануға берілетін емес. Осы орайда, облыс әкімі жағдайдың неге осыншама күрделеніп отырғандығын басшылардан қатаң сұрады.
Өткен 9 айда облыстық бюджеттің орындалу барысы туралы баяндама жасаған облыстық қаржы басқармасының басшысы Валентина Сахнова осы мәселедегі түйткілді тұстарды алға тартты. Көкшетау қаласы, Бұланды, Целиноград, Бурабай және Аршалы аудандары, облыстық денсаулық, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, құрылыс, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, энергетика және тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылығы басқармалары бөлінген қаржыны толық игере алмаған. Биыл өзара есеп айырысу есебінен кредиторлық қарыз өсе түсті. Мемлекеттік сатып алу барысында да мәселелер баршылық. Бұл орайда да, облыс әкімі бөлінген қаржының дұрыс игерілмеуіне, жұмыс жеткіліксіз ұйымдастырылмағандықтан, облыстың біраз қаржыдан айырылғанына қынжылыс білдірді.
Бұдан кейін Целиноград, Бурабай, Астрахан, Егіндікөл аудандарының әкімдері М.Тәткеев, Т.Тәшмағамбетов,  Т.Ерсейітов, А.Тайжанов, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп,  құрылыс басқармаларының басшылары Қ.Қарауылов, Д.Петьколар есеп берді. Облыс әкімі Целиноград ауданының Қоянды ауылында 2012 жылы сапасыз салынған мектептің  жағдайына назар аударды. Осы ауылдан жер телімін алғысы келген 5 мың адам кезекте тұр. Жалпы, бұл ауданда 56 мың адам жер телімін алуға өтініш берген көрінеді. Ауданда  жерді заңсыз иемденген адамдар да баршылық.  430 гектар жер  жеке меншікке сатылып  кеткен.
Сергей Кулагин өз сөзінде мұндай заңсыздықтарға жол берілмейтінін қадап айтты. Егіндікөл ауданында аңшылық шаруашылығын тәртіпке келтіруді тапсырды. Бүгінгі таңда өңірдегі сүт зауыттары толық қуатында жұмыс істей алмай отыр. Сондай-ақ, облысқа инвестиция тарту мәселесі баяу шешілуде. 
Мәжіліске қатысқан басшылар алдына жұмысты жандандыру  міндетін қойған өңір басшысы іс барысындағы кемшіліктер үшін қатаң сұралатынын ескертті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар