Тəуелсіздік күні мерекесі қарсаңында облысымыздың Жақсы, Сандықтау, Аршалы аудандарында тұрғындарға жаңа пәтерлердің кілттері табыс етілді.

Бұл жолы Жақсы ауданының орталығында 18 пəтердің кілті тапсырылды. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған үш қабатты жаңа тұрғын үйге 1-2 топтағы мүгедектер, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар, зейнеткерлер мен ата-ананың қамқорлығынсыз өскен жастар қоныстанды. Салтанатты шараға қатысқан аудан əкімі Қанат Сүйіндіков жаңа пəтер иелерін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен жəне баспаналы болуларымен құттықтады. Тұрғын үй құрылысы мен инженерлік коммуникация жүйесін уақытылы әрі сапалы жүргізген «Мұхамет СН 2007» серіктестігіне де алғыс білдірілді.
Осындай мерекелік шаралар Сандықтау жəне Аршалы аудандарында да болып өтті. Сандықтау ауданындағы «Свободное» серіктестігінің директоры Александр Закусилов өз еңбеккерлеріне 10 пәтердің кілтін тапсырып, қуанышқа бөледі. Серіктестік бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі аясында екі пəтерлік бес тұрғын үй тұрғызған. Ал, Аршалы ауданының әкімі Азамат Тайжановтың қатысуымен «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған жаңа 45 пəтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Мұндағы жаңа пəтерлер кілтіне үй кезегінде тұрған азаматтар ие болды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар