Құрметке бөленген жан

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде ақпараттық-талдау тобының бас маманы Қайролла Қамзин өзінің бар саналы ғұмырын азаматтық қорғау саласына арнап келеді. Осы 22 жылдың ішінде өзін жауапты әрі білікті маман ретінде көрсете білді. Өз жұмысын жете білетін ол әріптестеріне ақыл-кеңес беруден жалыққан емес.

Қайролла Қамзин 1956 жылы 4 желтоқсанда Ресейдегі Қорған облысының Кетово ауылында туған. 1992 жылы К.Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институтын тәмамдаған. Еңбек жолын 1974 жылы Қорған облысындағы «Лесной» кеңшарының жұмысшысы болып бас-
тады.1982-1995 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының Қайранкөл орта мектебінде алғашқы әскери дайындық және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі негіздері пәнінен дәріс берді. Осы кезде оның жұмысы азаматтық қорғаныс штабымен және әскери комиссариатпен тікелей байланысты болды.
Бұл тәжірибесі Қайролла Кәрімұлының бұрынғы Көкшетау облысының азаматтық қорғаныс штабына жұмысқа келуіне ықпалын тигізді. 1995 жылдан бастап аталмыш штабта, одан әрі бұрынғы Көкшетау облыстық төтенше жағдайлар басқармасында және Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінде әскери күзеттің аға атқышынан азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар іс-шараларын жоспарлау бөлімінің басшысына дейін көтерілді.
Оның өз ісінің кәсіпқой маманы ретінде қалыптасуына бұрынғы Көкшетау облыстық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы, полковник Мұхамедияр Нүрпейісов көп көмектесті.
–Білікті басшы қойылған міндеттерді шешуге ұжымды іскерлікпен бағыттай білді. Оның адамгершілік қасиеттерінен де көп үлгі-өнеге алдық, – деген Қайролла Қамзин кейінгі жылдары Мағзұм Дәулеталиев, Ілияс Қанапиянов, полковниктер Вадим Пранге мен Арман Әбдіқалықовтың және азаматтық қорғау подполковнигі Алексей Советовтың басшылығымен жұмыс істегенін мақтаныш тұтады.
Азаматтық қорғаныс іс-шараларын жоспарлау бөлімінде жұмыс істегенде облыстық, қалалық және аудандық басқару органдары мен азаматтық қорғау күштерін облыс аумағында көшіру іс-шараларын жүргізу жос-
парларын дайындады. Облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктерімен бірлесіп, азаматтық қорғаныс күштері мен құралдары топтамасын құрды. Осы орайда, Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетті. Сондай-ақ, облыс аумағында «Қыс», «Көктем», «Жер» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларды өткізуді ұйымдастырды. Азаматтық қорғаудың облыстағы қызметтерінің әрекеттерін және дайындығын үйлестірді.
–Қайролла Кәрімұлы білікті әрі еңбек тәжірибесі мол маман. Өз басым қала әкімінің кеңесшісі қызметін атқарғанда бұл саладан тәжірибем аз еді. Ол өз тәжірибесімен бөлісіп, туындаған мәселелерді шешуде көп ақыл-кеңес берді, – дейді Көкшетау қаласы әкімінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Өмір Күлтеміров.
–Еліміз тәуелсіздік алған кезеңде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі бірнеше мәрте өзгерді. Ол қайта құру, шаруашылық жүргізудің экономикалық құрылымының өзгеруімен және Орталық Азияда қалыптасқан жаңа әскери-саяси жағдаймен, соның ішінде Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуымен және өзге де жағдайлармен байланысты болды. Бұл жағдайда Азаматтық қорғаныс органдарында үлкен жұмыс тәжірибесі барлар есепке алынып, жаңа құрылымды аяғынан тік тұрғызуды қамтамасыз ете алатын жоғары кәсіптік мамандардан азаматтық қорғау органдарын құру мәселесі қойылды. Осындай мамандардың бірі Қайролла Қамзин болғанын атап өткен жөн. Ол тек қана азаматтық қорғау іс-шараларын жоспарлау саласындағы білгір маман емес, сонымен бірге, туындаған қауіпті жағдайларды талдауда да айрықша қабілетін көрсете білді. Бірақ, Қайролла Кәрімұлын жалғыз жедел-штабтық қызмет қана нағыз маман ретінде бейнелемейді. Ол төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық азаматтық қорғаныс жүйесінің қызметіне, азаматтық қорғау күштерімен және құралдарымен әртүрлі оқу-жаттығуларды ұйымдастырып, өткізуге белсене қатысады. Білікті маман Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің ғана емес, өзге ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдардың арасында да құрметке ие болды, – дейді 2004-2012 жылдары Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментін басқарған полковник Вадим Пранге. Бүгінгі таңда құрметті еңбек демалысында жүрген азаматтық қорғаныс басқармасының бұрынғы бас маманы Людмила Бутова да өз сөзінде Қайролла Қамзинмен он бес жылдан аса бірге жұмыс істегенін, оны жауапты әрі білікті маман ретінде білетінін айта келе:
–Еңбекке қабілеттілігімен ерекшеленіп, өзінің құзыретіне кіретін азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі шешімдерді жедел қабылдай біледі,– деп атап өтті. Кейіпкеріміз үшін отбасы сенімді тыл болып табылады. Жұбайы Күлбаршын Бәриқызы екеуі отыз жылдан астам бірге өмір сүріп, Самал мен Аслан атты ұл-қыздарын тәрбиелеп өсірді. Қайролла Қамзин «Ақмола облысындағы Ауғанстан соғысының мүгедектері мен соғыс ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі бола отырып, өңір жастарына патриоттық тәрбие беруге де белсене араласады. Оның республиканың азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі жоғары бағаланып, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Респуб-
ликасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл», «Қазақстан полициясына 25 жыл» мерекелік медальдарымен, «Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар қызметіне қосқан үлесі үшін» және «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен марапатталды. Міне, өз саласында еңбегі адал жанның көпке өнеге боларлық өмір жолы осындай.

Жанар ТӨЛЕБАЕВА,
Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің
азаматтық қорғау майоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар