Ортақ іске мүдделілік

Облыстық мәслихаттың хатшысы, облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Дулат Нұрмолдиннің төрағалығымен осы кеңестің кезекті отырысы болып өтті.

Бұл жолы кеңес отырысының күн тәртібіне нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын қарау және кеңес қызметіне қатысты тағы басқа мәселелер енгізілді. Мәжіліске қатысқан бірқатар басқарма басшылары, атап айтқанда, облыстық білім басқармасының басшысы Т.Жүнісов, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Д.Сағитов, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы К.Біржекеев, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Д.Таласбаевтың өз басқармаларына қатысты нормативтік-құқықтық актілер жайында баяндап, мән-жайды түсіндіріп беруінен кейін кеңес мүшелері оларды егжей-тегжейлі талқылай келе, көпшілік дауыспен бекітті.
Бұдан кейін Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Б.Әбутәліпов ауданның әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы хабарлама жасады. Сөйтіп, комиссия мүшелерімен осы мәселе қаралғаннан кейін Мәншүк ауылдық округі Мәншүк ауылы болып қайта құрылуы және Тасты ауылдық округінің №93 разъезі есептік деректерден шығарылуы жөніндегі ұсыныс та бекітіліп, өз шешімін тапты.
Отырыс барысында комиссия мүшелері әсіресе, жаз айларында облыс орталығы мен басқа қалалардағы көше ағаштарының санитарлық тазарту деген желеумен бей-берекет оталатынына өз келіспеушіліктерін білдіріп, алдағы уақытта осындай оғаштыққа жол бермеуге мүдделіліктерін байқатты. Кешегі кеңес одағы кезінде әр ағаш бақылауда болатын. Қазіргі уақытта да басқа қалаларда бірер ағаш осындай күйге ұшыраса шу көтеріп жатады. Ал, Көкшетауда жаз болса, көшелердегі қаншама ағаш «жүнін жұлған тауықтай», бүкіл бұтақтарынан айырылып, діңгегі шорт кесіліп, сыйдиып немесе мүлдем жоқ болып шыға келеді. Әрі бұған араша түсіп, ешкімнің басы ауырмайды.
Сонымен бірге, отырыста әсіресе, мал шаруашылығында республикадан бөлінетін субсидиялардың ауыл еңбеккерлеріне әділ түрде бөліне бермейтіні де орынды әңгіме өзегіне айналды. Мұндай субсидияны тек өзім дегенде өгіз қара күші бар қолы ұзындар ғана алмауы керек. Ол осыған мұқтаж заңды және жеке тұлғаларға тең бөлінуі қажет. Осы мәселені жергілікті жерде мұқият қарап, Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат жолдауға болады деген ұсыныстар білдірді кеңес мүшелері.
Қ.КӘКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар