Мүгедектерге жанды көмек

Бүгінгі таңда тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселесі мемлекеттің ішкі саясатындағы басым бағыттардың бірі болып табылады.

Әлеуметтік қорғау шарасын қажетсінетін тұлғаның тұтыну дәрежесін анықтау тәртібі тұрғындарды әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамалық актілердің толық пакетінде регламенттеледі. Кез келген дамыған қоғамдағы тәрізді тұрғындарға көрсетілетін әлеуметтік қызмет көлемі бізде де өсіп келеді. Әлемдегі қиын жағдайға қарамастан, Қазақстан әлеуметтік салада оң серпінді сақтады.
Мемлекет өз мойнына алған әлеуметтік міндеттемені орындауда. Жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Мүгедектердің құқығын қалпына келтірудің кейбір мәселелері жөніндегі» бұйрығымен техникалық айрықшалау жасауға өзгертулер мен толықтырулар енгізу арқылы бірыңғай талап жасалды. Көру немесе есту ағзалары бұзылған мүгедектер үшін ескірген сурдо, тифлотехникалық (бейнекомпьютерлер, компьютерлік тифлокешені, тифломагнитола, телефакс, диктофон) құралдарының орнына көпсалалы қазіргі заманғы ноутбуктер, ұялы телефондар сатып алынуда.
Қазіргі мүгедектердің қолындағы техникалық құралдың пайдалану мерзімі біткен кезде сауықтырудың жаңа техникалық құралы беріледі. Шалғай аудандардың тұрғындары үшін бұл құралдарды пошта арқылы жіберу ұйымдастырылады. Нашар көретін тұлғалар үшін тифлотехникалық құралдың, қимыл-тірек аппараты бұзылған мүгедектер үшін міндетті гигиеналық құралдың енгізілуімен (термометр, тонометр, сөйлеуде пайданылатын глюкометр, брайлев ғаріпін айтып үйрететін және өзге де құрал) тізім ұлғайды. Мүгедекті сауықтырудың бірегей бағдарламасына тиісті өзгертулер енгізілгеннен кейін мүгедек сауықтырудың жаңа техникалық құралын ала алады.
Қолданыстағы Қазақстан Республикасы Заңнамасына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар аталмыш бағдарламаға орай, мүгедектерді сауықтырудың құралымен және қызметімен қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Сондай-ақ, облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы өтініш пен бағдарлама негізінде сауықтыру құралдары санының тізімін көрсетіп, қажеттілікті анықтайды. Қолданыстағы бағдарламада мерзімі шектелмегенде ондағы қажетті өзгертуді медициналық-әлеуметтік бөлімінің мамандары енгізеді. Ол үшін мүгедектігі бар тұлға тұрғылықты жері бойынша аталмыш бөлімге жолығуы керек.

Гүлжан МАҒЗҰМОВА,
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыстық департаменті бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар